Important Information Manual

1 Қырғыш бастиекті саптан алу үшін оны бұраңыз.
2 Бұрағышты панель жиегінің астына салып, көтеріп (сурет 5) алыңыз.
3 Жұлдызша кілтпен немесе жалпақ бұрауышпен (сурет 6) үстіңгі жақтағы екі
бұранданы алыңыз.
4 Алдыңғы қабатын сырғытып алыңыз (сурет 7).
5 Үстіңгі жақтағы жалғастырғышты сым кескішпен (сурет 8) үзіңіз.
6 Жалпақ бұрағышты ұстараның кез келген жағынан салып, ілмектерді
(сурет 9) босатыңыз.
7 Электр блогын корпустан (сурет 10) шығарып алыңыз.
8 Бекіткіш ілмектерді майыстырып, электр блогының (сурет 11) мөлдір
қақпағын шешіп алыңыз.
9 Батарея ұстағышты көтеріп алып, сымдарын қысқышпен немесе қайшымен
(сурет 12) кесіңіз.
10 Батарея белгілерін қысқышпен немесе бұрағышпен (сурет 13) майыстырыңыз.
11 Қайта зарядталатын батареяны алыңыз.
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support сайтына
кіріңіз немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Кепілдік шектеулері
Қыратын құрал бастары (кескіштер мен қорғауыштар) тез ескіретіндіктен,
халықаралық кепілдік шарттарымен қамтылмайды.
Сауда белгілері
Apple, Apple логотипі, iPad және iPhone — АҚШ және басқа елдерде тіркелген
Apple Inc. сауда белгілері. App Store — Apple Inc. қызмет белгісі.
Android — Google Inc. сауда белгісі. Google Play және Google Play логотипі —
Google Inc. сауда белгілері.
Bluetooth® сауда белгісі және логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. компаниясына
тиесілі, тіркелген сауда белгілер және Philips Personal Care компаниясының осы
белгілерді кез келген қолданысы лицензияланған.
Қазақша
144