User manual

Table Of Contents
Құралымды қалай зарядтай аламын?
Құралды бірінші рет пайдалану алдында және
батарея күйі индикаторының төменгі шамы сарғыш
түсте жыпылықтап, батарея заряды таусылуға
жақын екенін көрсеткенде зарядтаңыз.
Зарядтау шамамен 1 сағат алады.
Жылдам зарядтау: Шамамен 5 минут зарядтаған
соң, батарея бір рет қырынуға жететіндей энергия
алады.
Толығымен зарядталса, құрал қуат сымынсыз 60
минутқа дейін жұмыс істей алады.
Ескертпе: Зарядталып жатқан құралды қолдануға
болмайды.
Қуат құралымен зарядтау
1 Құралдың өшкенін тексеріңіз.
2 Құрылғының кішкене шанышқысын
зарядтаушыға енгізіп, адаптерді қабырғадағы
розеткаға енгізіңіз.
-
Құрал жылдам зарядтау режимінде болса,
батарея күйі индикаторының шамдары кезек-
кезек жанады. Шамамен 5 минуттан кейін
батарея күйі индикаторының төменгі шамы
жанады. Енді батареяда бір қырынуға
жеткілікті заряд бар.
-
Құрал зарядталып жатқанда, алдымен
батарея күйі индикаторының төменгі шамы
жыпылықтайды да үздіксіз жанады. Одан
кейін екінші шам жыпылықтап, үздіксіз
жанады және құрал толығымен
зарядталғанша қосулы қалады.
-
Құрал толығымен зарядталғанда, батарея
индикаторының барлық үш шамы үздіксіз
жанады. Шамамен 30 минуттан кейін жарық
автоматты өшеді.
10
Қазақша