User manual
Table Of Contents
- Мазмұны
- Кіріспе
- Жалпы сипаттама
- Құралымның сабындағы белгішелер нені білдіреді?
- Quick Clean Pod жүйесіндегі белгіше нені білдіреді?
- Құралымды қалай зарядтай аламын?
- Құрал мен саптамаларымды қалай пайдалана аламын?
- Құрал мен саптамаларымды қалай тазалаймын?
- Quick Clean Pod жүйесін қалай пайдалана аламын?
- Қыратын бастарын қалай ауыстыра аламын?
- Қолдау көрсету
- Ақаулықтарды жою
3 Бөліктерді жылы сумен дұрыстап тазалаңыз.
Сабынды тазалау щеткасы саптамасында ғана
пайдаланыңыз.
Кеңес: Мұрын/құлақ триммерінің саптамасын
ағын су астында шаю жеткілікті болмаса,
саптаманы сапқа басып, кесетін басын жылы су
құйылған шыныға бірнеше минутқа батырыңыз.
Одан кейін құралды қосып, ағын су астында
шайыңыз.
4 Сақал сәндегіштегі, тарақтардағы және
мұрын/құлақ триммерінің саптамаларында
артық суды ақырын сілкіп тастап, толығымен
ауада кептіріңіз.
Тазалау щеткасы саптамасын орамалмен
кептіріңіз.
Кескіш бөлікті орамалмен немесе шүберекпен
сүртпеңіз, кесетін тістері зақымдануы мүмкін.
Кеңес: Оңтайлы өнімділігі үшін сақал сәндегіш
саптамасының тістерін тігін машинасының бір
тамшы майымен тұрақты майлап отырыңыз.
Quick Clean Pod жүйесін қалай пайдалана
аламын?
Quick Clean Pod жүйесін пайдалануға дайындау
1 Quick Clean Pod жүйесінің үстін бұрып, алыңыз.
22
Қазақша