User manual

- Электр ұстараны әрдайым тазалап тұру оның
жақсы қыруына себепкер болады.
- Ең жақсы тазалау нәтижелері үшін Philips
тазалау спрейін (HQ110) пайдалануға кеңес
береміз.
- Қыратын бөлігін және шаш жиналатын орынды
орамалмен немесе сүлгімен тазаламаңыз, бұл
қыратын бастарына және қос ұршыққа зақым
келтіруі мүмкін.
Қыратын бөлігін щеткамен тазалау
1 Құрылғыны өшіріп, қабырға розеткасынан
ажыратылғанын тексеріңіз.
2 Қыратын бөлігінің сыртын берілген щеткамен
тазалаңыз.
3 Босату түймесін басып, ұстараның қыратын
бөлігін ашыңыз.
4 Қыратын бөлігі ішін және шаш жиналатын
орынды берілген щеткамен тазалаңыз.
5 Қыратын бөлігін жабыңыз.
Мұқият тазалау
Оңтайлы өнімділік үшін қыратын бастарын айына
бір рет дұрыстап тазалаңыз.
1 Құрылғыны өшіріп, қабырға розеткасынан
ажыратылғанын тексеріңіз.
264
Қазақша