User manual

- Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын
шүберектерді, қырғыш тазалау құралдарын,
сондай-ақ бензин немесе ацетон сияқты
сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
- Қуат құрылғысына зақым келтірмеу үшін
электрлік ауа тазалау құралы бар қабырға
розеткалары жанында қуат құрылғысын
пайдаланбаңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
- Бұл Philips құрылғысы электромагниттік
өрістерге қатысты барлық қолданыстағы
стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Жалпы ақпарат
- Құрылғы 100 - 240 вольтқа дейінгі тоқ қуатымен
жұмыс жасай береді.
- Қуат құрылғысы 100–240 вольтті 24 вольттен
төмен қауіпсіз вольтажға алмастырады.
- Maximum noise level: Lc = 69 dB(A)
Зарядтау
Құралды толығымен зарядтау шамамен 8 сағат
алады. Құрылғыны алғаш рет немесе ұзақ уақыт
бойы қолданбағаннан соң зарядтағанда, зарядтау
шамы тоқтаусыз жанғанша зарядтаңыз.
Толығымен зарядталған құрылғы 45 (S1520), 40
(S1510) немесе 35 (S1320, S1310) минуттық қырыну
уақытын қамтамасыз етеді. Қырыну уақыты қырыну
әрекетіңізге, тазалау әдеттеріңізге немесе
сақалдың түріне байланысты 45, 40 немесе 35
минуттан аз болуы мүмкін.
260
Қазақша