User manual
150
Қауіпті жағдайлар
- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
Абайлаңыз!
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз қозғалу мүмкіндігі мен ойлау қабілеті
шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (балаларды
қоса) бұл ұстараны және Jet Clean жүйесін қолдануына болмайды.
- Балалардың ұстарамен және Jet Clean жүйесімен, зарядтау
қондырмасымен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Ағын сумен шаймас бұрын, ұстараны әрдайым розеткадан
ажыратыңыз.
Ескерту
- Jet Clean жүйесін немесе зарядтау қондырмасын суға ешқашан
батырмаңыз және ағынды су астында шаймаңыз.
- Ұстараны 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
- Зақымданған жағдайда, ұстараны, Jet Clean жүйесін,
адаптерді, зарядтау қондырмасын немесе кез келген басқа
бөлшекті пайдаланбаңыз. Жарақаттануыңыз мүмкін. Зақымданған
адаптерді, зарядтау қондырмасын немесе бөлшектерді әрқашан тек
түпнұсқа түрлерімен ауыстырыңыз.
- Jet Clean жүйесімен тек түпнұсқа Jet Clean сұйықтығын (HQ200)
пайдаланыңыз.
- Сұйықтықтың ағып кетуін болдырмау үшін, Jet Clean жүйесін тек
тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз.
- Jet Clean жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалау сұйықтығы ағып
кетпеуі үшін, жүйені қозғалтуға болмайды.
- Jet Clean жүйесі электр ұстараны жақсылап тазалайды, бірақ
дезинфекцияламайды, сондықтан оны басқа адамдармен бірігіп
қолданбаңыз.
- Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
Стандарттарға сәйкестігі
- Ұстара халықаралық деңгейде бекітілген қауіпсіздік ережелеріне сай
келеді. Оны ваннада немесе душта пайдалануға, сондай-ақ ағынды
сумен жууға болады. Қауіпсіздік мақсаттарда ұстара тек сымсыз
түрде жұмыс істейді.
- Ұстара мен Jet Clean жүйесі барлық қолданыстағы стандарттарға
және электромагниттік өрістердің жарылуына қатысты ережелерге
сай келеді.
ҚАЗАҚША150