User manual
156
Ауыстыру
Жақсы қырыну үшін қырыну басын ұстағышты әр екі жыл сайын
ауыстыруға кеңес береміз.
Қырыну басын ұстағышты тек түпнұсқа RQ11 Philips қырыну
басын ұстағышымен ауыстырыңыз.
Ауыстыру туралы ескерту
Қырыну басын ұстағышты ауыстыру туралы еске салу үшін, құрал шамамен
екі жылдан кейін автоматты түрде іске қосылатын ауыстыру туралы ескерту
мүмкіндігімен жабдықталған. Ауыстыру туралы ескерту 9 сәтті қырынуда
немесе ұстараны бастапқы қалпына келтіргенге дейін қайталанады.
1 Ұстараны қосқанда, қыру бөлігі белгісі жыпылықтайды.
Ескертпе. Түрлі ұстара түрлерінің дисплейлері әртүрлі болғанымен,
көрсететін белгісі бірдей.
2 Қыру ұшының ұстағышын тартып, қыру бөлігінің төменгі жағынан
шешіңіз.
3 Жаңа қыру ұшының ұстағышын қыру бөлігінің төменгі жағына қайта
бекітіңіз (сырт еткен дыбыс естіледі).
4 Ұстараны бастапқы қалпына келтіру үшін, қосу/өшіру түймесін
шамамен 10 секунд басып тұрыңыз.
Ескертпе. Бірінші ауыстыру туралы ескертуден кейін ұстараны
бастапқы қалпына келтірмесеңіз, ол тағы да 8 қырынуда немесе
ұстараны бастапқы қалпына келтіргенше қыру бөлігі белгісін көрсетіп
тұра береді.
ҚАЗАҚША