User manual
150
3 Қыру ұшының ұстағышын тартып, қыру бөлігінің төменгі жағынан
шығарыңыз да, ыстық ағынды сумен 30 секунд шайыңыз.
Ескертпе. Сондай-ақ, қыру бөлігін жинақпен берілген
тазалағыш щеткамен тазалауға болады.
4 Артық суды мұқият сілкіп тастап, қырыну басын
ұстағышты кептіріңіз.
Қыру бөлігін орамалмен немесе шүберекпен сүртпеңіз. Қыру ұштары
зақымдануы мүмкін.
5 Қырыну басын ұстағышты қыру бөлігінің төменгі жағына қайта
бекітіңіз («сырт» еткен дыбыс естіледі).
Қыру бөлігін Jet Clean жүйесінде тазалау (тек RQ1197CC,
RQ1195CC, RQ1185CC, RQ1180CC, RQ1175CC үлгілерінде)
Jet Clean жүйесінің автоматты түрде тазалау бағдарламасы бар.
Қосу/өшіру түймесі басылғанда, Jet Clean жүйесі автоматты түрде осы
тазалау бағдарламасымен тазалауды бастайды.
Jet Clean жүйесін пайдалануға дайындау
Алғаш қолданар алдында, тазалау орнын толтырып алыңыз.
1 Кішкентай штепсельдік ұшты Jet Clean жүйесіне жалғаңыз.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
, Ұстағыш автоматты түрде ең жоғарғы позициясына жылжиды.
3 Тазалау орнының екі бүйіріндегі босату түймелерін бір уақытта
басыңыз (1). Одан кейін, Jet Clean жүйесін тартып, тазалау орнынан
шығарыңыз (2).
, Тазалау орны астында қалады.
4 HQ200 тазалау сұйықтығы бар шишаның қақпағын бұрап ашыңыз.
5 Тазалау орнының екі сызығының ортасына дейін HQ200 тазалау
сұйықтығын құйыңыз.
6 Jet Clean жүйесін тазалау орнына қайтадан салыңыз.
Босату түймелері сырт етіп орындарына түскенін тексеріңіз.
ҚАЗАҚША