User manual
5KK
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар
мен бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/EU еуропалық директивасы арқылы
қамтылатынын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдардың
қалдықтарын жинау жөніндегі жергілікті ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді орындаңыз және бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі бұйымдарды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына тиетін зиянды әсерлердің алдын
алуға көмектеседі.
Ескерту
Жауапкершіліктен бас тарту
• Қашықтағы Wi-Fi желісінде немесе 3G байланысында болсаңыз, бейне
мен аудио смартфонға берілгенде 10-15 секундқа кешігуі мүмкін.
iVideon Inc. ұсынған Philips InSightHD қолданбасын пайдалану қаупін
өз мойныңызға аласыз. Gibson Innovations және оның бөлімшелері
(жеке және бірге Gibson Innovations») осындай Philips InSightHD
қолданбасының жұмысы үшін немесе оны пайдаланғаныңыз үшін
жауапты емес және Gibson Innovations осыған қатысты да сіз үшін
жауапты болмайды.
• Бұл үй мониторы көмекші құрал ретінде жасалған. Ол үй қауіпсіздігін
бақылауды алмастырмайды және оны осы мақсат үшін пайдалануға
болмайды.
* Сымсыз және Ethernet LAN функцияларын тек ғимарат ішінде пайдалануға
рұқсат берілген.