operation manual
Table Of Contents

11
Қазақша
KK
Бейне мен дыбысты синхрондау
Егер дыбыс пен бейне синхрондалмаған
болса, дыбысты бейнеге сай болатындай
кідіртіңіз.
1 Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
Авто дыбыс деңгейі
Басқа көзге ауысқанда дыбыс деңгейін
тұрақты сақтау үшін автоматты дыбыс
деңгейін қосыңыз.
1 Автоматты дыбыс деңгейін қосу
немесе өшіру үшін AUTO VOL ON/OFF
түймесін басыңыз.
Түн режимі
Ақырын тыңдау үшін түнгі режим дыбыс
ойнатылған кезде қатты дыбыстардың
деңгейін төмендетеді. Түн режимі тек Dolby
Digital динамиктері үшін қол жетімді.
1 Түн режимін қосу немесе өшіру үшін
NIGHT ON/OFF түймесін басыңыз.
Ескертпе
•
Дыбыс деңгейі қосулы күйге орнатылса, түн режимін
қоса алмайсыз.
Дыбысты Bluetooth арқылы
ойнату
Bluetooth арқылы SoundBar жүйесін Bluetooth
құрылғысымен (iPad, iPhone, сенсорлы iPod,
Android телефоны немесе ноутбук сияқты)
қосыңыз, сонда құрылғыда сақталған
дыбыстық файлдарды SoundBar динамиктері
арқылы тыңдай аласыз.
Қажетті әрекеттер
• A2DP, AVRCP Bluetooth профилін
қолдайтын және 3.0 + EDR Bluetooth
нұсқасы бар Bluetooth құрылғысы.
• SoundBar жүйесі мен Bluetooth
құрылғысы арасындағы ең үлкен жұмыс
ауқымы — шамамен 10 метр.
1 SoundBar режимінен Bluetooth
режиміне ауысу үшін қашықтан басқару
құралындағы
түймесін басыңыз.
» BT дисплей панелінде жыпылықтап
көрсетіледі.
2 Bluetooth құрылғысында Bluetooth
функциясын қосыңыз, қосылымды бастау
үшін іздеп, PHILIPS HTL6140 параметрін
таңдаңыз (Bluetooth функциясын қосу
жолы туралы Bluetooth құрылғысының
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
» Қосылу барысында дисплей
панеліндегі BT жыпылықтайды.
3 SoundBar дыбыстық сигнал шығарғанша
күте тұрыңыз.
» Bluetooth қосылымы сәтті
орнатылғанда, дисплей панелінде BT
көрсетіледі.
» Қосылым сәтсіз орнатылғанда,
дисплей панелінде BT үздіксіз
жыпылықтайды.
4 Bluetooth құрылғысында дыбыс
файлдарын немесе музыканы таңдап,
ойнатыңыз.
• Ойнату кезінде қоңырау қабылданса,
музыка ойнату уақытша тоқтатылады.
Қоңырау аяқталғанда ойнату
жалғасады (бұл мүмкіндік қосылған
мобильді құрылғыға байланысты
болады).
• Егер Bluetooth құрылғысы AVRCP
профилін қолдайтын болса, әуенді
өткізу үшін қашықтан басқару
құралындағы
/ түймесін
басыңыз немесе ойнатуды уақытша
тоқтату/жалғастыру үшін
түймесін басыңыз.
HTL6140B 6140S_12_UM_V4.0.indb 11 4/24/2015 3:31:08 PM