User manual
17
Қазақша
KK
Сымсыз сабвуферден ешқандай дыбыс жоқ.
• Сабвуферді SoundBar жүйесіне
сымсыз жолмен жалғаңыз (ақылдасу
'Сабвуфермен жұптау' бет 7).
Бұрмаланған дыбыс немесе жаңғырық.
• Егер теледидар дыбысын SoundBar
жүйесі арқылы ойнатсаңыз,
теледидардың үні өшірулі екенін
тексеріңіз.
Дыбыс пен бейне синхрондалмаған.
• Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
Дисплейден қате туралы хабар көрсетіледі.
• «ERROR» жазуы көрсетілсе, бұл кіріс
дыбыс пішіміне қолдау көрсетілмейтінін
білдіреді.
• «USB ERROR» жазуы көрсетілсе, бұл
жалғанған USB құрылғысына қолдау
көрсетілмейтінін білдіреді.
• «HDMI ARC» жыпылықтаса, бұл
жалғанған теледидар HDMI ARC
үйлесімді емес екенін немесе
қолдау көрсетілмейтін дыбыс пішімі
анықталғанын білдіреді.
Bluetooth
Құрылғы SoundBar жүйесімен қосыла
алмайды.
• Құрылғы SoundBar жүйесіне қажетті
профайлдарды қолдамайды.
• Құрылғының Bluetooth функциясын
қоспағансыз. Функцияны қосу жолын
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
• Құрылғы дұрыс қосылмаған. Құрылғыны
дұрыстап қосыңыз.
• SoundBar басқа бір Bluetooth
құрылғысымен жұпталып қойған.
Қосылған құрылғыны ажыратып, әрекетті
қайталаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысынан дыбыс
ойнату сапасы нашар.
• Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
SoundBar жүйесіне жақындатыңыз
немесе құрылғы мен SoundBar
арасындағы қандай да бір кедергіні алып
тастаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысы тұрақты
түрде қосылады және ажыратылады.
• Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
SoundBar жүйесіне жақындатыңыз
немесе құрылғы мен SoundBar
арасындағы қандай да бір кедергіні алып
тастаңыз.
• Кедергіні болдырмау үшін Bluetooth
құрылғысындағы Wi-Fi функциясын
өшіріңіз.
• Кейбір Bluetooth үшін қуатты үнемдеу
мақсатында Bluetooth қосылымын
автоматты түрде ажыратуға болады.
Бұл SoundBar жүйесінің бұзылғанын
білдірмейді.
NFC
Құрылғы SoundBar жүйесімен NFC арқылы
қосыла алмайды.
• Құрылғыға NFC тарапынан қолдау
көрсетілгендігін тексеріңіз.
• NFC құрылғыда іске қосылғандығын
тексеріңіз (мәліметтер үшін құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
• Жұптастыру үшін NFC құрылғысын
SoundBar жүйесінің NFC белгісіне
тигізіңіз.
HTL5140B_12_UM (RU, UK, KK)_V3.0.indb 17 6/19/2015 9:43:08 AM










