operation manual

KK 13
Құрылғы дұрыс қосылмаған. Құрылғыны
дұрыс қосыңыз, (10-беттегі «Bluetooth
арқылы аудионы ойнату» бөлімін қараңыз).
Саундбар басқа Bluetooth құрылғысына
қосылып қойылған. Қосылған құрылғыны
ажыратыңыз, содан кейін әрекетті
қайталаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысынан
ойнатылатын аудионың сапасы нашар.
Bluetooth сигналын қабылдау нашар.
Құрылғыны саундбарға жақынырақ
жылжытыңыз немесе құрылғы мен саундбар
арасында кез келген бөгетті алып тастаңыз.
Қосылған Bluetooth құрылғысы үнемі
қосылып, ажыратыла береді.
Bluetooth сигналын қабылдау нашар.
Құрылғыны саундбарға жақынырақ
жылжытыңыз немесе құрылғы мен саундбар
арасында кез келген бөгетті алып тастаңыз.
Кедергілерді болдырмау үшін Bluetooth
құрылғысында Wi-Fi функциясын өшіріңіз.
Кейбір Bluetooth құрылғыларында қуатты
үнемдеу үшін Bluetooth қосылымы
автоматты түрде белсенсіздіріледі. Бұл
саундбардың ақаулығын көрсетпейді.