operation manual
KK10
Bluetooth арқылы аудио
ойнату
Bluetooth арқылы саундбарды Bluetooth
құрылғыңызға (мысалы, iPad, iPhone, iPod touch,
Android телефоны немесе ноутбук) қосыңыз,
содан кейін құрылғыда сақталған аудио
файлдарды саундбардың динамиктері арқылы
тыңдай аласыз.
Сізге не керек
• Bluetooth A2DP және AVRCP профильдерін
қолдайтын және Bluetooth 4.2 немесе
жоғарырақ нұсқасы бар Bluetooth
құрылғысы.
• Саундбар және Bluetooth құрылғысы
арасындағы жұмыс ауқымы — шамамен
4 метр (13 фут).
1
Саундбарды Bluetooth режиміне ауыстыру
үшін қашықтан басқару құралында [button]
түймесін басыңыз.
Саундбардың индикаторы көк түспен
жыпылықтайды.
2
Bluetooth құрылғысында Bluetooth
функциясын қосыңыз, қосылуды бастау
үшін Philips HTL1520B құрылғысын
іздеп, таңдаңыз (Bluetooth функциясын
қосу жолын Bluetooth құрылғысының
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз).
Қосылым барысында саундбардың
индикаторы көк түспен жыпылықтайды.
3
Саундбардың индикаторы тұрақты көк
түспен жанғанша күтіңіз.
Қосылым сәтсіз аяқталса, индикатор
төменірек жылдамдықпен үздіксіз
жыпылықтайды.
4
Bluetooth құрылғыңызда аудио файлдарды
немесе музыканы таңдаңыз.және ойнатыңыз.
• Ойнату кезінде қоңырау келсе,
музыканы ойнату кідіртіледі.
• Bluetooth құрылғыңыз AVRCP профилін
қолдайтын болса, қашықтан басқару
құралында тректі өткізіп жіберу үшін
/ түймесін басуға немесе ойнатуды
кідірту/жалғастыру үшін [button]
түймесін басуға болады.
5
Bluetooth көзінен шығу үшін басқа көзді
таңдаңыз.
• Bluetooth режиміне қайта ауысқанда
Bluetooth қосылымы белсенді болып
қалады.
Ескертпе
• Музыканы ағындатуды құрылғы мен саундбар
арасындағы қабырға, құрылғыны жауып тұрған
металл корпус немесе бірдей жиілікте жұмыс
істейтін маңайдағы басқа құрылғылар сияқты
бөгеттер үзуі мүмкін.
• Саундбарды басқа Bluetooth құрылғысына
қосқыңыз келсе, қазіргі уақытта қосылған
Bluetooth құрылғысын ажырату үшін қашықтан
басқару құралында [Button] түймесін басыңыз.
Автоматты күту режимі
Қосылған құрылғыдағы медиафайлды ойнатып
жатқанда, бұл өнім 15 минут бойы түйме
басылмаса және қосылған құрылғыдан аудио
ойнатылмаса, күту режиміне автоматты түрде
ауысады.
Зауыттық параметрлерді
қолдану
Саундбарды әдепкі параметрлер режиміне
ысыруға болады.
1
LINE режимінде қашықтан басқару
құралының қуат түймесін 5 секунд бойы
ұзақ басыңыз.
Зауыттық параметрлер қалпына
келтірілді.
Бағдарламалық құралды
жаңарту
Өнімді үздіксіз жақсарту үшін бағдарламалық
құралды жаңарту ұсынылуы мүмкін. Соңғы
бағдарламалық құрал нұсқасы қожетімді екенін
тексеру үшін www.philips.com/support бетіне
кіріңіз.