operation manual
KK 9
4 Саундбарды
пайдалану
Бұл бөлім саундбарды қосылған құрылғылардан
аудионы ойнату үшін пайдалануға көмектеседі.
Бастау алдында
• Қысқаша бастау нұсқаулығында сипатталған
қажетті қосылымдарды орнатыңыз
немесе www.philips.com/support бетінен
пайдаланушы нұсқаулығын жүктеп алыңыз.
• Басқа құрылғылар үшін саундбарды дұрыс
көзге ауыстырыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
1
Дыбыс деңгейін арттыру немесе азайту үшін
+/- (Volume) түймелерін басыңыз.
• Дыбысты өшіру үшін мына түймені
басыңыз .
• Дыбысты қалпына келтіру үшін [button]
түймесін қайтадан басыңыз немесе
+/- (Volume) деп белгіленуі мүмкін.
Дыбыс деңгейінің индикаторы
• Дыбыс деңгейін арттыру үшін volume+
түймесін бассаңыз, саундбардың
индикаторы қызыл түспен жыпылықтайды
және максималды мәнге жетіп, саундбардың
индикаторы 2 секунд бойы тұрақты қызыл
түсті көрсеткеннен кейін дыбыс деңгейі
қалыпты күйге оралады.
• Дыбыс деңгейін азайту үшін volume-
түймесін бассаңыз, саундбардың
индикаторы қызыл түспен жыпылықтайды
және минималды мәнге жетіп, саундбардың
индикаторы 2 секунд бойы тұрақты қызыл
түсті көрсеткеннен кейін дыбыс деңгейі
қалыпты күйге оралады.
MP3 ойнатқышы
Аудио файлдарды немесе музыканы ойнату үшін
MP3 ойнатқышын қосыңыз.
Сізге не керек
• MP3 ойнатқышы.
• 3,5 мм стерео аудио кабелі.
1
3,5 мм стерео аудио кабелін пайдаланып,
MP3 кабелін саундбардағы AUDIO IN
жалғағышына қосыңыз.
2
Қашықтан басқару құралында AUDIO IN
түймесін басыңыз.
3
Аудио файлдарды немесе музыканы таңдау
және ойнату үшін MP3 ойнатқышындағы
түймелерді басыңыз.