User manual
65
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өнімді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.
1 Жылдамдық сақинасы
2 Қосу/өшіру түймесі
3 Турбо түймесі
4 Мотор бөлігі
5 Шешу түймесі
6 Пышақтары бар қол блендері
7 Қорғау қақпағы
8 Итергіш
9 Ас үй комбайн тостағанының қақпағы
10 Текшелеп турағыштың жүзі
11 Текшелеп турағыш
12 Текшелеп турағыш торын тазалауға арналған итергіш
13 Тамақ шайқау/турау ыдысы
14 Дискіні ұстауға арналған құрал
15 Илеу құралы
16 Екі жақты кесу/тілімдеп турау дискісі
17 Стакан
18 Стакан қақпағы
19 Ұсақтағыш тостағаны
20 Ұсақтағыштың пышақтары
21 Ұсақтағыш қақпағы
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
- Мотор бөлігін, ұсақтағыш қақпағын және ас үй комбайнын ешқашан суға немесе басқа
сұйықтыққа салуға не болмаса ағын су астында жууға болмайды. Бұл бөліктерді тазалағанда
дымқыл шүберек пайдаланыңыз.
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері зақымданған болса, құралды
пайдаланбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы
керек.
- Пышақтары бар қол блендерінің жүзіне, әсіресе блендер мотор бөлігіне жалғанғанда, қол
тигізбеңіз. Оның жүздері өте өткір болады.
- Ұсақтағыш ыдысы болмаса, ешқашан ұсақтағыштың пышақтарын қолданбаңыз.










