User manual

- Пышақ бөлігін немесе дискілерді ұстағанда немесе тазалағанда абай болу керек. Олардың
жүзі өте өткір. Әсіресе, оларды тазалаған кезде және ыдысты босатқан кезде абай болу
керек.

- Құралдың қосалқы бөлшектерін немесе қолданып жатқан кезде қозғалып тұрған
бөлшектерді ауыстырар алдында құралды әрқашан пайдаланғаннан кейін электр жүйесінен
суырып алып тастаңыз.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға жасалған.
- Кестеде көрсетілген мөлшерлер мен дайындау уақытын арттырмаңыз.
- Ыдысты көрсетілген ең жоғарғы деңгейінен аспаңыз.
- Үздіксіз үш салымнан артық шайқауға болмайды. Шайқауды жалғастырар алдында, құралды
бөлме температурасына дейін суытып алыңыз.
- Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша қондырғыларын, сондай-ақ
Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай
бөлшектерді немесе қосымша қондырғыларды қолданған болсаңыз, онда сіздің кепілдігіңіз
өз күшін жоғалтады.
- Ыдысты микротолқынды пештерде қолдануға болмайды.
- Шу деңгейі: Lc = 85 дБ (A).

Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі
кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану қауіпсіз деуге болады.

Бұл құрал қатты қызып кетуден сақтайтын қорғаныспен қамтамасыз етілген. Егер құрал қатты
қызып кетсе, ол автоматты түрде сөндіріледі. 
. Содан соң, ток сымын қабырғадағы розеткаға қосып, құралды қайта
қосыңыз. Егер қатты қызып кетуден сақтайтын қорғаныс тым жиі іске қосылатын болса, Philips
дилерімен немесе Philips құзыретті қызмет орталығымен байланысыңыз.

Құралды алғашқы рет қолданар алдында, тамақпен байланысқа түсетін бөлшектерін жақсылап
тазалаңыз («Тазалау» тармаған қараңыз).

1 Құралды электр жүйесінің розеткасына қосар алдында, оның дұрыс жиналғандығына көз
жеткізіңіз.
2 Дайындамас бұрын өнімдердің ірі түйірлерін шамамен үлкендігі 2 см етіп тураңыз.
3 Ыстық ингредиенттерді турар немесе шайқауышқа құйяр алдында суытып алыңыз
(максималды температура 80°C).


Қол миксерінің қызметі:
- сүт өнімдері, соустар, жеміс-жидек шырындары, сорпа, сусындар, коктейльдер сияқты
сұйықтықтарды шайқау.
- құймаққа арналған сұйық қамырды немесе майонезді дайындау үшін жұмсақ
ингредиенттерді араластыру.
- мысалы, балалар тағамына арналған қайнатылған өнімдерден пюре дайындау.
44