User manual
79
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome веб-торабында
тіркеңіз.
Осы қырыну ұстарасын, Jet Clean жүйесін қолданар алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Пайдалану нұсқаулығын келешекте
қолдану үшін сақтап қойыңыз.
- Адаптердің суланбауын қадағалаңыз (Cурет 1).
- Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді басқа штепсельдік
ұшпен ауыстыру үшін кеспеңіз, себебі бұл қауіпті жағдай туғызады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық мүмкіндігі, сезімталдығы
төмен және ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен
тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) осы қырыну
ұстарасы мен Jet Clean жүйесін қолданбауы керек.
- Балалардың ұстарамен және Jet Clean жүйесімен ойнамауын
қадағалаған жөн.
- Зақымданған болса, осы қырыну ұстарасын, Jet Clean жүйесін
қолдануға болмайды.
- Ұстараны суға батыруға болмайды (Cурет 2).
- Бұл ұстараны душтың астында қолдануға болмайды.
- Ұстараны 5 °C және 35 °C аралығында ғана зарядтаңыз,
пайдаланыңыз және сақтаңыз.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы
тесіктен су ағуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және қауіпті емес,