User manual

Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы
нақты ұсынбаған керек-жарақтар мен бөлшектерді ешқашан
пайдаланбаңыз. Егер осы керек-жарақтар мен бөлшектерді
пайдалансаңыз, кепілдігіңіз күшін жояды.
Сымды құралға орамаңыз.
Құралды боялған шаштарға пайдаланғанда, шашты түзететін
табақшаларда дақ пайда болуы мүмкін.
Егер ток сымы зақымдалған болса, өзіңізге зиян тигізіп
алмас үшін оны тек Philips, Philips әкімшілігі ұсынған қызмет
орталығы немесе соған сәйкес білікті маман көмегімен
алмастырыңыз.
Олардың қауіпсіздігіне жауапты адам қажетті бақылау
жасамаса немесе осы құралдарды қалай пайдалану керектігі
жөнінде нұсқау бермеген болса, физикалық сезімталдығы
төмен немесе ақыл-есі кем, сондай-ақ, тәжірибесі мен білімі
жоқ адамдар (оның ішінде жас балалар да) бұл құралды
пайдалануына болмайды.
Балалардың құралмен ойнауына рұқсат бермеңіз.
Қосымша қауіпсіздік үшін ваннаға кіргізілген электр желісіне
тізбекті ток құралын (RCD) орнатуға кеңес беріледі. Осы
RCD құралында мөлшерленген жұмыс жасайтын ток 30
милиамперден аспауы тиіс. Орнатушыңыздан кеңес алыңыз.
Электромагниттік өрістер (EMF)
Бұл құрал электромагниттік өрістерге (EMF) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Егер дұрыстап және осы пайдалану
нұсқаулығына сәйкес етіп пайдаланылса, құралды пайдалану
қазіргі ғылыми дәлелдер негізінде қауіпсіз болып табылады.