User manual


1 Құралды адаптерден ажыратыңыз. Батарея заряды толығымен таусылғанша
құралды істетіңіз.
2 Эпилятор басын шешіп, құралды бұрауышпен ашыңыз. (Cурет 25)
3 Бұрауышты басып шығарылған схема тақтайшасындағы кішкентай ұяға
кіргізіңіз (1). Басып шығарылған тақтайша мен батарея арасындағы
қосылым ажыратылғанша бұрауышты бұраңыз (2) (Cурет 26).
4 Қайта зарядталатын батареяны құрылғыдан бұрауыш көмегімен суырып
алыңыз (Cурет 27).
Ескерту Абай болыңыз, батарея қырлары өте өткір болады.
Қайта зарядталатын батареяны ауыстыруға әрекет жасамаңыз.
Батареяларын шығарғаннан кейін, құралды ток көзіне қоспаңыз.

- Қайта зарядталмайтын батареялардың құрамында қоршаған ортаға зақым
келтіретін заттар бар. Қайта зарядталмайтын батареяларды тұрмыстық
қоқыспен бірге тастамай, арнайы батареяларды жинайтын жерге өткізіңіз.
Құралды тастамас және жинайтын жерге өткізбес бұрын, қайта
зарядталмайтын батареяларды шығарып алыңыз (Cурет 23).

Қызмет көрсету жұмыстары немесе ақпарат қажет болса немесе проблема
болса, Philips компаниясының www.philips.com/support веб-торабына кіріңіз
немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға болады. Еліңізде
тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips дилеріне
хабарласыңыз.

Бұл тарауда құралды қолданғанда жиі кездесетін қиындықтар
сипатталған. Мәселе төменде берілген ақпарат көмегімен шешілмесе, еліңіздегі
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
62