User manual

Ескертпе Эпилятордың ысуына жол бермеу үшін құралды денеге қатты басуға
болмайды. Теріге қатты баспай, жұмсақ жүргізілгенде эпилятор өте жақсы
нәтиже береді.
Қызып кетуден қорғау мүмкіндігі қосылған жағдайда, құрал автоматты түрде
өшіп, заряд шамы 30 секунд бойы қызыл болып жыпылықтайды.
Құрылғының салқындауына мүмкіндік беріп, қайта қосу арқылы қызып кету
қорғауын қалпына келтіруге болады.
Ескертпе Заряд шамының қызыл түспен қайта жыпылықтауы құралдың толық
суымағанын білдіреді.

Эпилятор басын теріге қатты басқанда немесе эпилятор басындағы эпиляция
дискілері кептелгенде (мысалы, киім тұрып қалғанда), құрал тоқтап, заряд шамы
5 секунд бойы қызыл болып жыпылықтайды.
Эпиляция дискілерін бас бармақпен айналдырып, бөгеп тұрған затты
шығарыңыз.


1 Батарея бөлігінің қақпағын жоғары дәлдікті эпилятордан алу үшін оның
бекіту ілмектерін басыңыз (Cурет 11).
2 Батарея бөлігіне екі AA 1,5 В сілтілі батарея салыңыз (Cурет 12).
Ескертпе Батареялардың «+» және «-» өрістері батарея бөлігінің төменгі
жағында көрсетілген бағытты көрсететінін тексеріңіз.
Ескертпе Жаңа батареялар 40 минут жұмыс атқарады.
3 Алдымен батарея бөлігі қақпағының төменгі шетін салыңыз, одан кейін
қақпақты сырт етіп жабылғанша басыңыз (Cурет 13).
Батарея түйіспелеріне темір зат тигізбеңіз және батареяларды қысқа
тұйықтамаңыз.
4 Батареяларды алу үшін, батарея бөлігінің қақпағын ашып, бірінші батареяны
шығарып алыңыз (Cурет 14).
5 Батарея бөлігінің саңылауы төмен қарайтындай етіп жоғары дәлдікті
эпиляторды аударыңыз (1). Қолыңызды саңылауға ұстап, басқа батарея
түскенше эпиляторды шайқаңыз (2) (Cурет 15).
 59