User manual
- : эпиляцияны құрғақ теріге жасаған жағдайда, оны ваннадан
немесе душтан жаңа шыққан бетте жасаған оңай болады. Эпиляцияны
бастағанда, терінің толықтай құрғақ екенін тексеріңіз.
- : теріңіздің таза және майлы болмағанын тексеріңіз. Эпиляцияны
бастамас бұрын теріге крем жақпаңыз.
- : эпиляцияны жатар алдында жасаған жөн, себебі
әдетте таң атқанша терінің тітіркенуі кетеді.
- : эпиляцияны 3-4 мм ұзындықтағы түктерге жасаған
ыңғайлы әрі қолайлы. Түктер ұзындау болса, алдымен қырып тастап, қайта
өскен түктерді 1 немесе 2 аптадан кейін эпиляциямен кетіруді
ұсынамыз. (Cурет 7)
1 Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.
, Құрал «II» жылдамдығында істей бастайды, бұл эпиляция жасаудың ең
тиімді жылдамдығы болып келеді.
Ескертпе «I» жылдамдығын пайдалану керек болса, қосу/өшіру түймесін екінші
рет басыңыз. «I» жылдамдығы түгі аз, қол жетуі қиын және сүйекті жерлерге
(тізе мен тобық сияқты) ыңғайлы болып келеді.
2 Түктерді көтеру үшін, теріні бос қолыңызбен тартып тұрыңыз. Қосу/өшіру
түймесін эпилятор жүргізілетін жаққа қаратып, эпилятор ұшын теріге 90°
бұрышта орналастырыңыз (Cурет 8).
- Суретте көрсетілген жолмен бикини тұсына эпиляция жасаңыз.
- Қолтық астына суретте көрсетілгендей эпиляция жасаңыз.
3 Құралды денеңіздің үстінен шашыңыздың өсуіне қарсы етіп, сәл
басыңқырып, жәймен жылжытыңыз (Cурет 9).
4 Құралды өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін үшінші рет басыңыз (Cурет 10).
Кеңес Қолтықтың эпиляциясын жасағанда, жақсы сырғуы үшін әдеттегі душ
гелінің біраз мөлшерін пайдаланыңыз.
Кеңес Теріні босаңсыту үшін, эпиляциядан кейін дереу немесе бірнеше сағат
өткенде ылғалдандыратын крем жаққан жөн. Қолтықтарға спирті бар жұмсақ
дезодорант себіңіз.
Бұл функция құралдың қызып кетуіне жол бермейді.
58










