User manual

47
сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны
қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Қысқа тұйықтау болмау үшін, құралдың штепсельдік ұшына арналған ұяға темір қосылған
затты кіргізбеңіз.

- Ladyshave құралын душқа түсетін судан ыстық (ең жоғ. 40°C) сумен жумаңыз.
- Құралды тек 10°C және 40°C температура аралығында зарядтауға, пайдалануға және
сақтауға болады.
- Бұл құрал тек әйелдердің денесіндегі түкті қыруға және қысқартуға арналған. Құралды
бастағы шашты қыру немесе қысқарту үшін және басқа да мақсаттарда қолдануға
болмайды.
- Құралдың қыратын басы мен дәл қысқарту басын тек аяққа, қолға, қолтыққа және бикини
тұсына қолданыңыз. Құралдың қыратын басын еш уақытта дененің басқа бөліктеріне
(мысалы, бетке) қолданбаңыз.
- Бикини тұсынан басқа дененің ұятты жерлерін дәл қысқарту ұшымен
тарақсыз қырмаңыз. Теріні жарақаттауы мүмкін.
- Құралды зарядтағанда, розетка жұмыс жасап тұрғанын тексеріңіз. Жуынатын бөлмедегі
жарықты сөндіргенде, қол жуатын шұңғылшаның үстіндегі айналы шкафтарға
орнатылған электр розеткаларына немесе электр ұстарасына арналған розеткаға
электр қуаты берілмей қалуы мүмкін.
- Көзге зақым келтірмеу үшін, оптикалық жарықты көзге тура бағыттамаңыз.
- Шу деңгейі: Lc= 65 дБ (A)

- Бұл құрал халықаралық мақұлданған IEC қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келеді,
сондықтан ваннада немесе душта қолдануға және ағын сумен жууға болады (Cурет 2).
- Құралда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан, кернеуі 100 және 240 вольт
аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.

Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз.


Батареялар толығымен зарядталуы үшін шамамен 10 сағат керек. Батареялардың заряды
толық болса, құралды сымсыз түрде 40 минут қолдануға болады.
Ток көзіне қосар алдында, құралды міндетті түрде өшіріп қойыңыз.
1 Құралдың қуат сымын құралға жалғаңыз (1). Адаптерді қабырға розеткасына қосыңыз
(2) (Cурет 3).
, Адаптердің зарядталу шамы жанады.
Ескертпе. Құрал толық зарядталғанда да адаптердегі зарядталу шамы жанып тұра береді.