User manual
4646
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-торабында тіркеңіз.
Теріні қорғау жүйесінің көмегімен Ladyshave Sensitive құралы теріні зақымданудан қорғай
отырып, оған әдемілік және тегістік береді. Оның қос қабатты торы бар айналмалы ұшы
теріні кесу қатерінсіз қатты түктерді де оңай алады.
Ladyshave Sensitive құралын құрғақ немесе ылғалды түрде қолдануға болады. Бұл — қайта
зарядталатын батареямен жабдықталған сымсыз құрал.
Кесетін бөлігі (триммер, алоэ вера жолағы, жұмсақ шашты көтеру құралы және
алтындалған табақшасы бар қос қабатты қырыну торы) бар құралдың қыратын басы
Оптикалық жарық
Қосу/өшіру түймесі
Сап
«Батарея заряды аз» шамы
Құралдың штепсельдік ұшы жалғанатын ұя
Бағыттау ойықтары
Кесетін бөлікті шешу сырғытпасы
Дәл қысқарту басы
3 миллиметрлік тарақ
5 миллиметрлік тарақ
Щетка
Адаптер
Зарядтау шамы
Көрсетілмеген: сақтау дорбасы
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
- Ladyshave құралын тек берілген адаптермен қолданыңыз.
- Жарақат болмау үшін, зақымдалған немесе сынған құралды, қосымшаны немесе
адаптерді қолданбаңыз.
- Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек түпнұсқалы түрімен
ауыстыру керек.
- Адаптердің трансформаторы бар. Басқа штепсельдік ұшпен алмастыру мақсатында
адаптерді кесіп тастамаңыз. Қауіпті жағдай орын алады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен,
46










