operation manual

Бұйра немесе тегіс шаш үлгісін жасау
1 Тетікті басып (
) қосымша бөлшекті ашыңыз да, шаштың бөлігін
түзеткіш табақшалардың арасына салыңыз.
2 Стайлерді шашыңыздың бойымен төмен қарай бірқалыпты
қозғалыспен (ең көп дегенде 5 секунд) тоқтатпастан түсіріңіз.
Қалаған тегіс шаш үлгісін жасау үшін аш ұшына 3-5 см қалғанда,
шаш түзеткішті ішке (немесе сыртқа) қарай жартылай бұраңыз.
Стайлерді сол қалпында 2-3 секунд ұстап тұрыңыз, содан
кейін оны жіберіңіз.
3 20 секундтан соң, өзіңіз қалаған нәтижеге жеткенше, 2-қадамды
қайталаңыз.
4 Қалған шашты үлгілеу үшін 1-3 қадамдарды қайталаңыз.
Пайдаланғаннан кейін:
1 Құрылғыны өшіріп, тоқтан суырыңыз.
2 Оны әбден суығанша ыстыққа төзімді бетке қойыңыз.
3 Құрал мен қосымша бөлшектерден шаш пен шаңды түсіріп тастаңыз.
4 Құралды, түзеткіш табақшаларды және бұйралағыш қысқашты
дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
5 Құралды шаңы жоқ, құрғақ және қауіпсіз жерде сақтаңыз. Сондай-
ақ, құралды онымен бірге берілген қапшықта сақтауға болады.
3 Кепілдік және қызмет.
Егер қосымша бөлшекті ауыстыру туралы ақпарат алу керек болса
немесе сізде шешілмеген мәселе болса, Philips компаниясының
www.philips.com веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips
тұтынушылар орталығымен байланысыңыз (ол нөмірді дүние жүзі
бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан алуға болады). Егер
еліңізде Тұтынушыларды қолдау орталығы болмаса, онда жергілікті
Philips компаниясының дилеріне барыңыз.