Register your product and get support at www.philips.
g e h f i k d c l m j b n a o p q s r
Қазақша Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз. 1 Маңызды Құралды қолданар алдында осы пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және болашақта анықтама құралы ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз. • АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құралды суға жақын пайдаланбаңыз. • Құралды ваннада пайдаланған кезде оны пайдаланып болғаннан кейін токтан ажыратыңыз.
• • • • • • • Құралдың ыстық беттерін теріңізден алшақ ұстаңыз. Сымды құралға орамаңыз. Құралды боялған шаштарға пайдалансаңыз, шашты түзететін табақша/бұйралайтын қысқаш тоттануы мүмкін. Егер ток сымы зақымдалған болса, өзіңізге зиян тигізіп алмас үшін оны тек Philips, Philips әкімшілігі ұсынған қызмет орталығы немесе соған сәйкес білікті маман көмегімен алмастырыңыз.
2 Шашты үлгілеу Ескертпе: құрал қызып жатқанда немесе қызғанда, қосымша бөлшектерді немесе стайлерді ауыстырмаңыз. Тамаша тіктендіру нәтижесі үшін құралды 5-15 минутқа қыздыруға қойыңыз. Шашты босатып жатқанда бұйралағышты тартпаңыз, әйтпесе бұйраланған шашты тік етіп жібересіз. Керекті шаш үлгісі үшін лайықты қосымша бөлшек пен стайлерді таңдаңыз.
3 Құралды тіреуішін ( ) сыртқа қаратып ыстыққа төзімді бетке қойыңыз. 4 Ашаны розеткаға қосыңыз. 5 Құралды қосу үшін қосу/өшіру қосқышын ( ) I күйіне сырғытыңыз. »» «Қуат қосулы» көрсеткіші ( ) жанады. »» Құрал қолдануға дайын болғанда, «Дайын» көрсеткішінің ( ) түсі қызылдан қою түске өзгереді. 6 Шашыңызды тарап, шашты ені 5-6 см аспайтын етіп кішкене бөліктерге бөліңіз. 7 Тіреуішті ( ) артқа жылжытыңыз.
Бұйра немесе тегіс шаш үлгісін жасау 1 Тетікті басып ( ) қосымша бөлшекті ашыңыз да, шаштың бөлігін түзеткіш табақшалардың арасына салыңыз. 2 Стайлерді шашыңыздың бойымен төмен қарай бірқалыпты қозғалыспен (ең көп дегенде 5 секунд) тоқтатпастан түсіріңіз. • Қалаған тегіс шаш үлгісін жасау үшін аш ұшына 3-5 см қалғанда, шаш түзеткішті ішке (немесе сыртқа) қарай жартылай бұраңыз. Стайлерді сол қалпында 2-3 секунд ұстап тұрыңыз, содан кейін оны жіберіңіз.
g e h f i k d c l m j b n a o p q s r © Royal Philips Electronics N.V. 2010 All rights reserved. Specifications are subject to change without notice. Trademarks are the property of Koninklijke Philips Electronics N.V. or their respective owners.