operation manual
Құрал тоққа қосылып тұрғанда, оны қадағалаусыз қалдыруға
болмайды. Құрал қызып жатқанда немесе қызып тұрғанда оны
ыстыққа төзімсіз бетке қоймаңыз.
4 Шашыңызды тараңыз, ол шатаспаған және жұмсақ болуы тиіс.
Тарақтың көмегімен шаштарыңызды бөліктерге/бұрымдарға бөліңіз.
Бір бұрымға көп шаш салмаңыз.
Кеңес: Шашты төбесінен бастап бөліктерге бөліп, астыңғы
бөліктерді алдымен түзетіп, содан соң жоғарғы жағын түзеткен
дұрыс.
5 Енді шаш бұрымын 5 см-ден артпайтын етіп алып, шаш түзеткіш
тақташалардың ортасына салып, ұстағыштарды қатты басып, бір
біріне қосыңыз.
6 Шаш түзеткішті шашыңызда 5 секундтай шаштың түбірінен
бастап ұшына дейін тоқтамастан сырғытып өтіңіз, сонда
шашыңызды қатты ысытып жібермейсіз (Cурет 3).
7 Осы барысты 20 секундтан соң өзіңіз қалаған нәтижеге
жеткенше қайталаңыз.
8 Шашыңыз суысын. Шашыңыз суымай тұрып оны тарауға
болмайды. Себебі бұл сіздің жасаған шаш үлгіңізді бұзуы мүмкін.
1 Әдемі формасы бар шиыршық жасау үшін, «Шашыңызды
түзету» термағында берілген нұсқауды орындаңыз, тек
шашыңыздың ұшына жеткенде, құралды ішке қарай
бұраңыз. (Cурет 4)
2 Құралды осы ұстанымда бірнеше секунд бойы ұстап тұрыңыз,
содан соң босатыңыз.
1 Толқынды шаш үлгісін жасау үшін, «Шашыңызды түзету»
термағында берілген нұсқауды орындаңыз, тек шашыңыздың
ұшына жеткенде, құралды сыртқа қарай бұраңыз.
40