User manual

Кеңес: Жақсы радио белгісін ұстап алғаныңызға көз жеткізу үшін антеннаны толығымен жазып
қабылдаудың ең жақсы қалпын тапқанша оны айналдыра жылжытыңыз.
3 Радионы өшіру үшін радионы қосу/өшіру түймешігін қайта басыңыз.

1 Дыбыс деңгейін орнату үшін дыбыс деңгейін көтеру немесе азайту түймешігін
басыңыз. (Cурет 22)
Дыбыс деңгейін 1 және 20 арасында таңдауға болады.
Ескертпе: Сіз таңдаған дыбыс деңгейі автоматты түрде оятқыш дыбыс деңгейі болып
сақталады.

1 Мәзірге кіру үшін MENU (Мәзір) түймешігін басыңыз (Cурет 8).
2 Экран жарықтығының мәзірін таңдау үшін мәзірдің «+» немесе «-» түймешігін
басыңыз (Cурет 9).
3 Экран жарықтығының мәзіріне кіру үшін SELECT (Таңдау) түймешігін
басыңыз (Cурет 10).
4 Экран жарықтығын өзгерту үшін мәзірдің «+» және «-» түймешігін басыңыз (Cурет 9).
5 Растау үшін SELECT (Таңдау) түймешігін басыңыз (Cурет 10).

Қырғыш жөке, қырғыш тазалағыш құралдарды немесе жанармай немесе ацетон тәріздес
сұйықтықтарды құралды тазалау үшін қолдануға болмайды.
Құралдың сыртқы жағын үнемі шаңнан тазартып құрғақ шүберекпен сүрту керек.
1 Құралды тазалар алдында міндетті түрде тоқтан ажырату керек..
2 Құралдың сыртын кебу шүберекпен сүртіңіз.
Құралдың ішіне су тигізбеңіз немесе оның үстіне су төкпеңіз (Cурет 3).

Құрылғыда лампадан басқа ауыстырылатын бөлік жоқ.
Жанбаған жағдайда немесе жарықтығы азайғанда («Маңызды жағдайлар» бөлімін де қараңыз),
шамды ауыстыру қажет. Шамды Philips компаниясының галогенді шамымен (100 Вт; 12 В; 6,35
Гр) ауыстыру қажет. Дұрыс жарық қарқынын тек осы шам ғана қамтамасыз етеді.
Ескертпе: Бұл құрал тек қапталған шамдармен бірге пайдалануға жасалған (Cурет 23).
Қосымша ақпарат алу үшін «Кепілдік және қызмет көрсету» тарауын қараңыз.

1 Лампаны ауыстырмас бұрын құралды электр қуатынан ажыратыңыз.
2 Құралды шамамен 15 минут бойы суытып алыңыз.
3 Үстінен басып, қақпақтағы O белгісі шам корпусындағы 1 белгісімен бір қатарға
келгенге дейін сағат тіліне қарсы бұрап, құралдың жоғарғы қақпағын ашыңыз. (Cурет 24)
4 Жоғарғы қақпақты алып тастаңыз. (Cурет 25)
5 Ескі лампаны патроннан шығарып алыңыз (Cурет 26).
6 Жаңа шамның ұштарын шам бекіткішіне енгізіңіз. (Cурет 27)
60