User manual

55

Кіріспе 55
Wake-up Light жарық оятқышының әсерлері 55
Жалпы сипаттама 55
Маңызды 56
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) 57
Қолдануға дайындау 57
Сағат уақытын қою 57
Құралды қолдану 58
Мәзір функциялары 58
Шамды пайдалану 58
Дабылды орнату 58
Радио/дыбыс деңгейі (тек HF3470) 59
Экран жарықтығын орнату 60
Тазалау және күтіп ұстау 60
Алмастыру 60
Лампаны ауыстыру 60
Қоршаған орта 61
Кепілдік және қызмет 61
Ақаулықтарды жою 61

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетіне тіркеңіз.
Philips Wake-up Light құралы ояну сәтін жағымды қылуға жағдай жасайды. Ояну уақытына 30
минут қалғанда шамның жарығы қосылып, біртіндеп орнатылған жарықтық деңгейіне барады.
Жарық денеңізді орнатылған уақытта оянуға биязылықпен дайындайды. Оянуды одан да
жағымды қылу үшін табиғат дыбыстарын немесе FM радиосын пайдалануға болады (тек
HF3470).

Ұйқының соңғы жарты сағат уақытында Philips Wake-up Light жарық оятқышы денеңіздің
оянуына жағымды жағдай тудырады. Таңғы уақытта адам көзі күндізгіге қарағанда жарыққа өте
сезімтал болады. Осы кезеңде табиғи таң сәріні ұқсататын салыстырмалы төмен қарқынды
жарық денені оянуға және дабылды қабылдауға дайындайды. Wake-up Light жарық оятқышын
пайдаланатын адамдар әдеттегіден жеңіл оянып, таңертеңгі көңілдері көтеріңкі және күш-
қуаттары жоғары болады. Жарыққа сезімталдықтың әр адамда әр түрлі болғандықтан, күніңіз
жақсы басталу үшін сіздегі Wake-up Light жарық оятқышыңыздың жарық қарқынын өзіңізге
ыңғайлап қоюыңызға болады.
Wake-up Light жарық оятқышы жөнінде қосымша ақпарат үшін www.philips.com сайтын
қараңыз.

A Булықтар
B Лампа орны
C Ток сымы
D Антенна
E Дисплей
1 Уақыт пен оятқыш уақытының сағаттық көрсеткіші.
2 Уақыт белгісі
