User manual
Проблема Шешімі
Оятқыш қосылғанда
ешбір дыбыс
естілмейді.
Мүмкін сіз дыбыс қарқынын өте төмен деңгейге орнатқан боларсыз.
Дыбыстың жоғары деңгейін қою үшін «Құралды пайдалану»
тарауынан «Радио/дыбыс қарқыны» бөлімін оқыңыз.
Мүмкін сіз ояту қызметін басқару рычагын жоғарғы қалыпқа орнату
арқылы өшіріп тастаған боларсыз.
Егер оятқыш дыбысы ретінде радионы таңдаған болсаңыз, радиода
ақау болуы мүмкін. Оятқышты өшіргеннен кейін радио түймесін
басып, радионың жұмыс істейтінін тексеріңіз. Егер ол жұмыс істемесе,
еліңіздегі Philips тұтынушылар орталығына хабарласыңыз.
HF3470 үлгісі: Радио
жұмыс істемейді.
Мүмкін радионың зауыттық ақаулары бар. Еліңіздегі Philips
тұтынушылар орталығына хабарласыңыз.
Дыбыс деңгейін азайтқан болуыңыз мүмкін. Дыбыс деңгейін көтеріңіз.
HF3470 үлгісі:
Радиодан сатырлаған
дыбыс естіледі.
Радио таратушы станцияның сигналы әлсіз болуы мүмкін. Жиілікті
реттеңіз («Құралды пайдалану» тарауындағы «Радио/дыбыс деңгейі»
бөлімін қараңыз) және антеннаны қозғап, орнын ауыстырыңыз.
Антеннаның толық шығарылғанын тексеріңіз.
Оятқыш дабылы
кеше іске қосылды.
Бүгін неге
қосылмады?
Мүмкін сіз ояту қызметін басқару рычагын жоғарғы қалыпқа орнату
арқылы өшіріп тастаған боларсыз.
Мүмкін сіз дыбыс және/немесе жарық қарқынын өте төмен деңгейге
орнатқан боларсыз. Дыбыс және/немесе жарық қарқыны деңгейін
арттырыңыз.
Электр қуаты 15 минуттан артық ажыратылған болуы мүмкін. Бұл
жағдайда құрал зауыт параметрлерін орнатады. Барлық функцияларды
қайтадан орнатуыңызға тура келеді.
Басқару рычагын
қалғу үшін төмен
итергеннен соң
оятқыш 9 минуттан
кейін қайта
қосылмады.
Мүмкін сіз басқару рычагын ол өшу қалпына секіріп қайтатындай өте
қатты басып жіберген боларсыз.
Мүмкін сіз дыбыс қарқынын 0-ге қойған боларсыз.
Жарық мені
уақытынан ерте
оятады.
Мүмкін жарық қарқынының деңгейі сізге сәйкес келмейді. Егер өте
ерте оянатын болсаңыз, жарық қарқынының деңгейін төмендетіңіз.
Егер 1-жарық қарқыны әлі де көп болса, құралды төсектен ары таман
жылжытыңыз.
Жарық мені
уақытынан кеш
оятады.
Мүмкін құрал сіздің басыңыздан төмен деңгейде орналасқан болар.
Құралдың төсек, көрпе немесе жастықтың жарыққа бөгет
жасамайтындай биіктікте орналасқанына көз жеткізіңіз. Сонымен
қатар құралдың тым алыс орналаспағанына көз жеткізіңіз.
Шам жыпықтайды. Жүйедегі кернеудің сіздің аспабыңызға сәйкес келмеуі де ықтимал.
Аспапта көрсетілген кернеу сіздің үйіңіздегі электржүйесінің
кернеуіне сәйкес келе ме, соны тексеріңіз.
62