HD9880 Пайдаланушы нұсқаулығы
Мазмұндар кестесі Маңызды ақпарат Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) Автоматты түрде өшіру Өңдеу Кепілдік және қолдау Сәйкестік туралы декларация Бағдарламалық құрал мен микробағдарлама жаңартулары Құрылғы үйлесімділігі Зауыттық мәндерді қою Кіріспе Жалпы шолу Функциялардың сипаттамасы Алғашқы рет қолданар алдында Алғаш рет қолданар алдындағы дайындықтар Алынбалы тор түбін Аэрогрильді NutriU қолданбасына қосу Аэрогрильді пайдалану Термометрді пайдалану Тағ
Маңызды ақпарат Құралды қолданар алдында осы маңызды ақпарат берілген құжатты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Қауіпті • Құралды ыстық газ плитасының немесе электр плитасы мен электр табаларының барлық түрлерінің үстіне немесе жанына, не болмаса қыздырылған пештің ішіне қоймаңыз. • Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға да, оны ағын судың астында да шаюға да болмайды. • Ток соғу қаупін алдын алу үшін, құралға су немесе басқа сұйықтық кірмеу керек.
• • • • • • • • • • • • • • • білімі аз адамдар қадағалаумен немесе құралды қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді түсінген жағдайда пайдалана алады. Балалар құралмен ойнамауы керек. 8 жасқа толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізбеуі тиіс. Құрал мен оның баусымын бірге, 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерге сақтаңыз. Құралды қабырғаға қарсы немесе басқа да құралдарға қарсы қоймаңыз.
• Құралды көлденең, тегіс және тұрақты бетке қойыңыз. • Құралды дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе жартылай кәсіби мақсаттарда қолданса, пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips компаниясы болған зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас тартады. • Құралды тексеру немесе жөндеу үшін, оны тек қана Philips-тің қызмет көрсету орталығына апарыңыз. Құралды өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз, әйтпесе кепілдік жарамсыз болады.
Өңдеу • Бұл таңба осы электр өнімін қалыпты тұрмыстық қалдықпен тастауға болмайтынын білдіреді. ( 1-сурет) • Электр және электрондық өнімдердің қалдықтарын бөлек жинау жөніндегі еліңіздегі ережелерді сақтаңыз. Кепілдік және қолдау Philips бұл өнімге сатып алғаннан кейін 2 жылдық кепілдік береді. Егер ақау дұрыс пайдаланбау немесе сапасыз техникалық қызмет көрсету салдарынан болса, бұл кепілдік күшін жояды. Қосымша ақпаратты www.philips.com/ support веб-сайтымызға кіріп, онлайн алуға болады.
Құрылғы үйлесімділігі Қолданба үйлесімділігі туралы толық ақпаратты App Store дүкеніндегі ақпараттан қараңыз. Зауыттық мәндерді қою Аэрогрильдің зауытта орнатылған параметрлерін қалпына келтіру үшін «Құралдар → Параметрлер» мәзірінен зауытта орнатылған параметрлерді қалпына келтіру функциясын таңдаңыз. Сонда мультипеш бұдан былай үй WiFi желісіне қосылмайды және смарт құрылғыңызбен жұптастырылмайды.
Жалпы шолу D A B c 1 2 3 12 11 4 5 10 9 6 8 7 1. Басқару панелі A. WiFi индикаторы B. Return (Оралу) түймесі C. Айналмалы түйме D. Дисплей 2. Тағам термометрі ұяшығы 3. Тартпа 4. Алынбалы ұяшық түбі 5. Алынбалы ұяшық түбі бар себет 8 Қазақ 6. Таба 7. Қуат сымын сақтау бөлімі 8. Ауа шығыс жерлері 9. Ауа кіретін тесік 10. Толтыру деңгейі көрсеткіші 11. Тағам термометрі 12.
Функциялардың сипаттамасы Айналдыру және артқа түймесі Айналмалы түйме – орталық басқару элементі. Әртүрлі мәзір опцияларына өтіп, әрекетті растау үшін оны айналдырып, басуға болады. Айналмалы түймені жылдам басу: құралды қосу. Айналмалы түймені басып тұру: құралды өшіру. Құрал токқа қосылғаннан кейін: Айналмалы түймені басу: әрекетті растау. Айналмалы түймені бұрау: әртүрлі мәзір опцияларына өту немесе пісіру параметрін өзгерту. Артқа түймесін жылдам басу: алдыңғы қадамға оралу.
Пісіру уақыты «Қолмен пісіру» режимінде пісіру уақытын 1 минуттан 180 минутқа дейін орнатуға болады. «Автоматты түрде пісіру бағдарламалары» пісіру режимінде пісіру уақытын орнатудың қажеті жоқ. Автоматты түрде пісіру бағдарламасы тағамның порция мөлшеріне немесе қалаған дайындық деңгейіне қарай пісіреді. «Тағам термометрі» режимінде пісіру уақытын орнатудың қажеті жоқ, тағам термометрінің белгіленген температурасына жеткенде пісіру автоматты түрде аяқталады.
Жылы ұстау функциясы Аэрогрильде жылу ұстау режимі орнатылған. Пісіргеннен кейін бірден жылы ұстау режимін қосуға немесе негізгі мәзірден жылы ұстау режиміне ауысуға болады. Менің бағдарламаларым Сіз сүйікті Автоматты түрде пісіру бағдарламаларын, рецепт параметрлерін немесе қолмен пісіру параметрлерін «Менің бағдарламаларым» бөлімінде сақтай аласыз. Тізіміңізде 20-ға дейін жазба сақталуы мүмкін. Тағамды таңдап, бірден пісіруді бастаңыз.
Мәтін шебері Барлық мәзір экрандарында мәзірде шарлауға көмектесетін мәтін шебері бар. Алғашқы рет қолданар алдында 1. Барлық қаптау материалын алып тастаңыз. 2. Құралдың барлық жапсырмаларын немесе белгілерін (егер болса) алып тастаңыз. 3. Дисплейден қорғаныш фольгасын алып тастаңыз. 4. Алғаш рет қолданар алдында, құралды тазалаңыз («Тазалау» тарауын қараңыз). Алғаш рет қолданар алдындағы дайындықтар Алынбалы тор түбін 1. Тартпаны тұтқасынан тартып ашыңыз. 2.
4. Себетті табаға салыңыз. 5. Тұтқасынан итеру арқылы тартпаны аэрогрильдің ішіне қарай сырғытыңыз. Ескертпе • Себет болмаса, табаны пайдаланбаңыз. Аэрогрильді NutriU қолданбасына қосу Маңызды ақпарат • WiFi орнату процесін бастамас бұрын смарт құрылғының үйдегі WiFi желісіне қосылғанына көз жеткізіңіз. 1. Құралды қуат көзіне қосу 2. Құралды қосу үшін, айналмалы түймені басыңыз. Ескертпе • Құралды бірінші рет қосқанда, сізден тілді таңдау сұралады.
Ескертпе • Келесі экранда құралды смарт құрылғыңызға бірден қосуды немесе оны кейінірек қосуды шеше аласыз. 6. Құралды смарт құрылғыңызға бірден қосуды шешсеңіз, «Иә, өтінемін» опциясына өтіңіз. Ескертпе • Құралды алғаш рет орнатқан бойда NutriU қолданбасын жүктеп алып, Аэрогрильді қолданбаға қосуды ұсынамыз.
WiFi индикаторы WiFi индикаторы өшіп тұр. WiFi ажыратылған. WiFi индикаторы жанып тұр. WiFi іске қосылған және маршрутизаторға қосылған. WiFi индикаторы баяу жыпылықтайды. WiFi қосылып тұр. WiFi индикаторы жылдам жыпылықтайды. WiFi қосымлымнда қате бар. Ескертпе • Параметрлерде WiFi қызметін қосуға немесе өшіруге болады – WiFi параметрлері - WiFi қызметін ӨШІРУ/ҚОСУ. • WiFi орнатуды параметрлерде орындауға болады – WiFi параметрлері WiFi орнату режимі.
3. Тығынды қабырға розеткасына қосыңыз. 4. Тартпаны тұтқасынан тартып ашыңыз. 5. Ингредиенттерді себетке салыңыз. Ескертпе • Себетті ешқашан «MAX» (ЕҢ ЖОҒ.) көрсеткішінен артық толтырмаңыз, себебі бұл нәтиже сапасына әсер етуі мүмкін. 6. Тартпаны қайтадан Аэрогрильге салыңыз. 7. Құралды қосу үшін, айналмалы түймені басыңыз. 8. Пайдаланғыңыз келетін пісіру режимін таңдаңыз («Пісіру режимдері» тарауын қараңыз). 9. Дисплейдегі қадамдарды орындаңыз.
Ескерту • Себет салынбаса, табаны пайдаланбаңыз. Егер құралды себетсіз қыздырар болсаңыз, тартпаны ашу үшін тұтқышты пайдаланыңыз. Тартпаның шеттері мен ішкі жағы өте ыстық болады. • Қатты қызып кететіндіктен, пайдалану кезінде және пайдаланғаннан кейін біраз уақыт өткен соң табаны және себетті ұстамаңыз. 10. Пісіруді бастау үшін айналмалы түймені басыңыз немесе пісіру параметрлерін өзгерткіңіз келсе, бұраңыз. Дисплейде өзгертуге болатын параметр көрсетіледі.
13. Шағын ингредиенттерді (мысалы, қуырылған картоп тілімдері) алу үшін, себетті тұтқасынан ұстап табадан сыртқа көтеріңіз. Ескерту • Пісіру процесі аяқталғаннан кейін, таба, себет, ішкі корпус және ингредиенттер ыстық болып тұрады. Аэрогрильдегі ингредиенттердің түріне байланысты, табадан бу шығуы мүмкін. 14. Себеттің ішіндегісін тостағанға немесе табаққа салыңыз. Ішіндегісін алу үшін әрқашан себетті табадан алып тастаңыз, себебі ыстық май табаның түбінде қалып қоюы мүмкін.
Тағам термометрін қолданар алдында және қолданғаннан кейін жылы сумен және сабынмен тазалаңыз. 1. Термометрді тағамның ең қалың бөлігіне салыңыз. Ескертпе • Термометрдің ұшы оның төменгі немесе жоғарғы жағына емес, тағамның ең қалың бөлігінің ортасына салынғанына көз жеткізіңіз. Орталық • Термометрдің сүйекке жақын, бірақ оған тимейтініне және майдан немесе шеміршектен алыс екеніне көз жеткізіңіз. • Филенің ең қалың бөлігі ортасында болмауы мүмкін.
Ескертпе • Тағамға байланысты әрдайым термометрдің металл өзекшесін толығымен енгізу қажет емес. Ескерту • Тағам термометрінің ұшы үшкір. Орындауға болады Орындауға болмайды Тағамның қалыңдығын өлшеу Тағамның қалыңдығын өлшеу үшін тағам термометрді қолдануға болады. 1. Тағам термометрін тағамның жанына қойып, тағамның жоғарғы қандай межеде екенін тексеріңіз.
2. Автоматты түрде пісіру бағдарламасымен пісіріп жатсаңыз, тағамның қалыңдығы сұралғанда, Аэрогрильде 1-ден 6-ға дейінгі мәнді орнатыңыз. 3 Пісіру режимдері Режим Әдісі Автоматты түрде пісіру бағдарламалары Тізімнен Автоматты түрде пісіру бағдарламасын таңдаңыз. Құралдағы қадамдарды орындаңыз. Автоматты түрде пісіру бағдарламалары толтыру деңгейі, бөліктер саны және т.б. негізделген барлық пісіру параметрлерін автоматты түрде есептейді.
Ескертпе • Тағамның түріне байланысты толтыру деңгейін, бөліктердің санын, салмағын, қалыңдығын және/немесе дайындық деңгейін көрсету сұралуы мүмкін. • Себетте көрсетілген белгілерді дұрыс толтыру деңгейін орнату үшін нұсқаулық ретінде пайдаланыңыз. • Толтыру деңгейін таңдамас бұрын, тағамды әрқашан себетке біркелкі етіп салғаныңызға көз жеткізіңіз. • Құрал бойынша көрсетілген болса тағамды аударыңыз/шайқаңыз. Тартпаны барынша кішкене ғана ашық ұстаңыз.
Үйде әзірленетін йогурт жасау 1. Ыдыста 1 3/4 литр сүт пен 3 ас қасық йогуртты араластырыңыз. Сүт пен йогурттағы майдың мөлшері бірдей екеніне көз жеткізіңіз. 2. Әр шыныға 150-200 мл құйып, қақпағын жабыңыз. 3. Шыныларды Аэрогриль себетіне салыңыз да, тартпаны жабыңыз. 4. «Автоматты түрде пісіру бағдарлама» - «Йогурт» бағдарламасын іске қосыңыз («Мәзір->Сүт->Йогурт). 5. Ашыту шамамен 8 сағат алады. Аэрогрильді осы аралықта ашпаңыз. 6.
Тағам термометрі 1. «Тағам термометрі» таңдалғанша айналмалы түймені бұраңыз. Осы режимге өту үшін, айналмалы түймені басыңыз. 2. Айналмалы түймені айналдыру арқылы қажетті өзек температурасын реттеңіз (тамақ термометрінің ұшында өлшенеді). 30 және 99°C аралығындағы температураны таңдауға болады. Мақұлдау үшін айналмалы түймені басыңыз.
Тағам элементі Дайындық деңгейі Ішкі температура Нан Дайын 90-95°C Тұтас картоп Дайын 92-95°C Ескертпе • Ұсынылған ішкі температура міндетті түрде өнімнің қауіпсіз минималды ішкі температурасына сәйкес келмейді. • Пісірілген тағамдардың ішкі температурасы құралдан шығарылғаннан кейін бірнеше градусқа көтеріледі. Жылы етіп сақтау 1. «Жылы ұстау» таңдалғанша айналмалы түймені бұраңыз. Осы режимге өту үшін, айналмалы түймені басыңыз.
Пісіру тарихы 1. «Пісіру тарихы» таңдалғанша айналмалы түймені бұраңыз. Осы режимге өту үшін, айналмалы түймені басыңыз. 2. Айналмалы түймені қажетті элементке бұраңыз. Егер бір элементке тоқтасаңыз, пісіру параметрлері көрсетіледі. 3. Таңдалған элементке өту үшін, айналмалы түймені басыңыз. Пісіруді бастау үшін, айналмалы түймені қайтадан басыңыз. • Айналмалы түймені басып, оны «Менің бағдарламаларыма» қосыңыз. Тазалау Абайлаңыз • Тазаламастан бұрын себетті, табаны және құралдың ішін әбден суытып алыңыз.
3. Құралдың сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Басқару панелінде ылғал қалмауы тиіс. Тазалағаннан кейін басқару панелін шүберекпен міндетті түрде құрғатыңыз. 4. Майдың қалдықтарын кетіру үшін шашыраудан қорғағышты губкамен немесе тазалау щеткасымен тазалаңыз. 5. Құралдың ішін ыстық сумен және қырмайтын ысқышпен тазалаңыз. Тазалау кестесі Сақтау 1. Құралды розеткадан ажыратып, суытып алыңыз. 2. Барлық бөлшектерді сақтаудың алдында, олар таза және құрғақ болуы қажет. 3.
алмасаңыз, www.philips.com/support торабына кіріп, жиі қойылатын сұрақтар тізімін қараңыз немесе еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. Мәселе Ықтимал себебі Шешімі Құралдың сыртқы жағы пайдалану кезінде қызады. Ішкі қызуы сыртқы қабырғаларына беріледі. Бұл әдеттегі нәрсе. Пайдалану кезінде ұстауыңыз керек барлық тұтқалар ұстауға болатындай салқын болады. Тағамның дұрыс пісірілуін қамтамасыз ету үшін құрал қосылған кезде таба, себет және құралдың ішкі жағы әрқашан ыстық болады.
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі Ингредиенттердің кейбір түрлерін пісіру уақытының жартысы өткенде сілкілеу керек. Себет неғұрлым толса, соғұрлым жиі шайқау ұсынылады. Құрал розеткаға жалғанбаған. Ашаның қабырға розеткасына дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Бір розеткаға бірнеше құрал қосылған. Аэрогрильдің ваты жоғары. Басқа розеткаға қосып көріңіз және сақтандырғышын тексеріңіз. Аэрогриль ішінде кейбір алынып қалған дақтарды көремін.
Мәселе Ықтимал себебі Маринад, сұйық немесе ет шырындары майда немесе ерітілген майда шашырайды. Аэрогриль құрылғысы енді Аэрогриль үйдегі WiFi желісіне құрылғысындағы қосылмаған. WiFi жарық диоды Сіз үйдегі WiFi енді жанбайды. желісін өзгерткен болуыңыз мүмкін. Басқа пайдаланушы Қолданба жұптау Аэрогриль процесінің сәтті құрылғысын басқа орындалмағанын смарт құрылғымен көрсетеді. жұптап, қазір тағам пісіріп жатыр. 30 Қазақ Шешімі Себетке салмай тұрып тамақты құрғатыңыз.
© 2023 Philips Domestic Appliances Holding B.V.