Quick start guide
28
Қауіпсіздік нұсқаулары
Қауіпсіздік нұсқаулары
www.philips.com/support
• Құрылғыны ыстық
беттерге, ыстық пештің,
жылытқыштың немесе
соған ұқсас қызу көздерінің
жанына орналастыруға
болмайды.
• Кофе дәндері ыдысына тек
қуырылған кофе дәндерін
салыңыз. Кофе дәндері
ыдысына тартылған кофе,
еритін кофе, қуырылмаған
кофе дәндері немесе кез
келген басқа зат салынса,
құрылғыға зақым келуі
мүмкін.
• Кез келген бөліктерді
салмас немесе шешіп
алмас бұрын, құрылғы
салқындағанша күтіңіз.
Қыздыру беттері
қолданғаннан кейін қызуды
сақтауы мүмкін.
• Су ыдысын толтыру үшін
жылы немесе ыстық су
қолданушы болмаңыз. Тек
салқын газдалмаған ауыз
суын қолданыңыз.
• Ысқыш ұнтақтармен
немесе қатты тазалағыш
заттармен тазалаушы
болмаңыз. Суланған жұмсақ
шүберекпен сүртсеңіз
болғаны.
• Құрылғыны жүйелі
түрде қақтан тазалаңыз.
Мұны орындамасаңыз,
құрылғы дұрыс жұмыс
істемей қалады. Мұндай
жағдайда кепілдік жөндеуді
қамтымайды!
• Құрылғыны 0 °С-тан төмен
температурада ұстамаңыз.
Қыздыру жүйесінде қалған
су қатып, зақым келтіруі
мүмкін.
• Құрылғы көп уақыт
қолданылмаса, су
ыдысында су қалдырмау
керек. Су ластануы мүмкін.
Құрылғыны қолданған
сайын таза су қолданыңыз.
Электрмагниттік өрістер
Электрмагниттік өрістер
Осы құрылғы электрмагниттік
өрістердің әсеріне қатысты
барлық тиісті стандарттар мен
қаулыларға сай келеді.