operation manual
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында
тіркеңіз.
1 Қырқатын бөлік
2 Масштабты реттеу дөңгелегі
3 Қосу/өшіру түймесі
4 Зарядтау шамы
5 Триммер тарағы
6 Сақал тарағы (тек HC7450/80, HC5450/80 үлгілерінде)
7 Адаптер
8 Кішкене штепсельге арналған розетка
9 Щетка
10 Қорап (тек HC7450/80, HC5450/80 үлгілерінде)
11 Тарақ (тек HC7450/80 үлгісінде)
12 Қайшы (тек HC7450/80 үлгісінде)
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият
оқып шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе
құрылғыны пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау
қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен
тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны
қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға немесе ағын
сумен шаюға болмайды. Тек кесу бөлігін ғана ағын су астында
шаюға болады.
- Құралды 5°C және 35°C температура аралығында пайдаланыңыз,
зарядтаңыз және сақтаңыз.
- Тек осыған қосымша берілген адаптерді ғана қолданыңыз.
- Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек
түпнұсқасымен ауыстыру керек.
- Егер қию бөлігі немесе реттегіш тарақ зақымдалған болса,
құралды қолданбаңыз, себебі ол жарақаттауы мүмкін.
54