User manual
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерінің әсерлеріне
қатысты барлық стандарттар мен ережелерге сай.
- Құралда автоматты түрде кернеу таңдаушы құралы орнатылған,
сондықтан 100 ден 240 вольтқа дейінгі кернеуді тоқпен жұмыс
жасай береді.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
Құрылғыны алғаш рет немесе ұзақ уақыттан кейін қолданар алдында
толық зарядтаңыз.
HC5450: құрылғыны толық зарядтау үшін шамамен 1 сағат кетеді.
Толық зарядталған кезде, құрылғы 90 минутқа дейін
сымсыз жұмыс істейді.
HC5440/HC3420: құрылғыны толық зарядтау үшін шамамен 8 сағат
кетеді.
Толық зарядталған кезде, құрылғы 60 минутқа (HC3420) немесе 75
минутқа (HC5440) дейін сымсыз жұмыс істейді.
Ескертпе. Құрылғыны бірінші рет толық зарядтап алғаннан кейін,
құрылғыны ток желісіне қосып та пайдалануға болады. Жай ғана
құрылғыны ток желісіне жалғаңыз.
- Батарея заряды таусылуға жақындағанда зарядтау шамы қызғылт
сары болып жыпылықтайды.
- Құрылғы зарядталып жатқанда, зарядтау шамы жасыл болып
жыпылықтайды.
62