operation manual

54
ҚАЗАҚ
2 MAX (Макс) күйін өшіру үшін шам көк түспен жанғанда қосу/өшіру түймесін қайтадан 2
секунд бойы басып тұрыңыз.
Автоматты түрде өшу
- Құрылғы 10 минут бойы қолданылмаса, күту режиміне өтеді. Қосу/өшіру түймесіндегі жарық
жыпылықтай бастайды (12- сурет).
- Құрылғыны қайта белсендіру үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз. Құрылғы қайта жылына бастайды.
- Егер құрылғы күту режиміне өткеннен кейін 10 минут пайдаланылмаса, ол автоматты түрде
өшеді. Қосу/өшіру түймесіндегі жарық өшеді.
МАҢЫЗДЫ - EASY DE-CALC
EASY DE-CALC шамы жыпылықтай бастағаннан және құрылғы дыбыс сигналын
үздіксіз шығарғаннан EASY DE-CALC функциясын пайдалану керек.
EASY DE-CALC шамы шамамен бір айдан кейін немесе 10 үтіктеу сеансынан кейін құрылғының
қақтан тазалануы керектігін көрсету үшін жыпылықтайды және құрылғы дыбыстық сигналды үздіксіз
шығарады. Үтіктеуді жалғастырмас бұрын, келесі EASY DE-CALC процедурасын орындаңыз.
Күйік қаупін болдырмау үшін құрылғыны ажыратып, EASY DE-CALC процедурасын
орындау алдында кемінде екі сағат суытыңыз.
1 Тығынды розеткадан ажыратыңыз (13- сурет).
2 Құрылғыны үстел жиегіне қойыңыз.
3 Тостағанды (көлемі кемінде 350 мл) EASY DE-CALC тұтқасының астына ұстап, тұтқаны сағат
тіліне қарсы бұраңыз (14- сурет).
4 EASY DE-CALC тұтқасын алып, қақ бөлшектері бар суды тостағанға ағызыңыз (15- сурет).
5 Құрылғыдан судың ағуы тоқтағанда EASY DE-SCALE тұтқасын қайта салып, сағат тілі
бағытымен бұрап бекітіңіз (16- сурет).
6 EASY DE-CALC процедурасын аяқтағаннан кейін үтікті бірден пайдалануды жалғастыра
беруге болады.
МАҢЫЗДЫ – Үтіктің табанының қағын кетіру
Егер EASY DE-CALC функциясы жүйелі түрде пайдаланылмаса, үтіктің табанына қақ бөлшектері
жиналып, үтіктеу барысында қоңыр дақтар шығуы мүмкін. Бұндай жағдайда үтіктің табанын
төмендегі процедураны орындаумен тазалау керек. Үтіктің табанын дұрыс тазалау үшін,
процедураны екі рет қайталау ұсынылады.
Күйік қаупін болдырмау үшін құрылғыны ажыратып, үтіктің табаны қағын кетіру алдында кемінде
екі сағат суытыңыз.
1 Тығынды розеткадан ажыратыңыз (13- сурет).
2 Құрылғыны үстел жиегіне қойыңыз.
3 Су ыдысы бос екендігін тексеріңіз.
4 Тостағанды (көлемі кемінде 350 мл) EASY DE-CALC тұтқасының астына ұстап, тұтқаны сағат
тіліне қарсы бұраңыз (14- сурет).