operation manual

52
ҚАЗАҚ
2 Су ыдысын қайтадан құрылғыға салып қойыңыз, бұған дейін құрылғының ішіне төменгі бөлікті
орналастырыңыз.
3 Су ыдысын өз орнында бекіту үшін, оның жоғарғы бөлігін басыңыз («сарт» еткен дыбыс
естілгенге дейін).
Су ыдысы бос жарығы
Су ыдысында жеткілікті су болса да, «су ыдысы бос» деген шам жыпылықтайды. Су ыдысын
толтырыңыз және құрылғыны қайта қыздыру үшін бу шығарғышты басыңыз. «Үтік дайын» жарығы
тұрақты жана бастағанда, бумен үтіктеуді жалғастыруыңызға болады.
Құрылғыны пайдалану
OptimalTEMP технологиясы
OptimalTEMP технологиясы үтіктеуге болатын бүкіл мата түрлерін үтік температурасы параметрін
реттеместен кез келген ретте үтіктеуге мүмкіндік береді.
Мына белгілері бар маталарды, мысалы, зығыр, мақта-мата, полиэстер, жібек, жүн, вискоза және
жасанды жібекті үтіктеуге болады (2- сурет).
Мына белгісі бар маталарды үтіктеуге болмайды. Бұл маталардың құрамында спандекс немесе
эластан, спандекс аралас талшықтар және полиолефиндер (мысалы, полипропилен) сияқты
синтетикалық талшықтар бар, сондай-ақ басылған суреті бар маталарды да үтіктеуге болмайды
(3- сурет).
Үтіктеу барысында үтікті түпқоймаға немесе көлденеңінен үтіктеу тақтасына қоюға болады.
OptimalTEMP технологиясының арқасында үтіктің табаны үтіктеу тақтасының жабынын бүлдірмейді
(4- сурет).
Үтіктеу
Құралды пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын, маңызды ақпарат парақшасын және
жылдам бастау нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Келешекте қарау үшін оларды сақтап қойыңыз.
1 Үтіктей бастау үшін бу шығарғышын басыңыз (5- сурет).
Буды адамдарға бағыттаушы болмаңыз.
Ескертпе: мақта сияқты қатты маталарды үтіктеудің жақсы нәтижелеріне қол жеткізу үшін,
матада үтікті жылжытқанда бу шығару түймесін үздіксіз басып тұрыңыз. Одан кейін матаны
құрғату үшін, үтікті бір аймаққа бірнеше рет бусыз жылжытыңыз.
Ескертпе: жібек және жылтыр синтетикалық маталарда үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін,
үтіктеу кезінде бу триггерін үздіксіз басулы ұстау ұсынылады.
қадағасы және интеллектуалды бу режимі
Үтік ішіндегі интеллектуалды қадағасы үтіктің жылжу уақыты мен жолын біледі.
Интеллектуалды автоматты бу режимі белсендірілсе, қадағасы үтік қозғалыстарын