User Guide
13
Қазақша
Қауіпсіз тірек
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті қалдыру
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті түпқоймаға немесе көлденеңінен үтіктеу тақтасына
қоюға болады (6-сурет). OptimalTEMP технологиясы үтіктің табаны үтіктеу тақтасының жабынын
бүлдірмейтінін қамтамасыз етеді.
Қуат үнемдеу
ECO (ЭКО) режимі
ECO (ЭКО) режимін пайдалану арқасында (будың шығуын азайтады) үтіктеу нәтижесіне әсер етпестен
энергияны үнемдеуге болады.
1 ECO (ЭКО) режимін қосу үшін, ECO түймесін басыңыз (14-сурет). Жасыл ECO (ЭКО) шамы жанады.
2 ECO (ЭКО) режимін қосу үшін, ECO түймесін қайтадан басыңыз. Жасыл ECO (ЭКО) шамы өшеді.
Автоматты түрде өшіру
- Энергияны үнемдеу үшін, құрылғы 10 минут қолданылмай тұрса, автоматты түрде өшіп қалады.
Қосу/өшіру түймесіндегі автосөндіру жарығы жыпылықтай бастайды.
- Құрылғыны қайта белсендіру үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз. Құрылғы қайта жылына
бастайды.
Ескерту: құрал тоққа қосылып тұрғанда, оны бағалаусыз қалдыруға болмайды. Қолданып
болған соң, құрылғыны міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
Тазалау және күту
Құралды қақтан тазалау
«EASY DECALC» шамы жыпылықтай бастағаннан кейін, EASY DECALC функциясын тезірек қолдану өте
маңызды (15-сурет).
«EASY DECALC» шамы шамамен бір ай өткеннен немесе 10 рет үтіктегеннен кейін жыпылықтай
отырып, құрылғыдан қаспақты кетіру керектігін білдіреді. Үтіктеуді жалғастырмас бұрын, келесі EASY
DECALC процедурасын орындаңыз.
Ескертпе: Су қатты болса, қақтан тазалау жиілігін арттырыңыз.
Ескерту: Күйік қаупін болдырмау үшін құрылғыны ажыратып, EASY DECALC процедурасын
орындау алдында кемінде екі сағат суытыңыз (16-сурет).
1 Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткадан суырыңыз.
2 Алынбалы су ыдысын шығарып алыңыз (2-сурет).
3 Үтіктің түпқоймасынан үтікті алыңыз.
4 Бу генераторының түпқоймасынан алып, сілкіңіз (17-сурет).
5 EASY DECALC тұтқасын алыңыз (18-сурет).
6 Бу генератор негіздемесін шұңғылшаның үстінен ұстап тұрып, EASY DECALC тесігі арқылы
босатыңыз (19-сурет).
Ескертпе: құрылғыны еңкейткен кезде ауыр салмағын ескеріңіз.
7 EASY DECALC тұтқасын өз орнына қойыңыз да, оны бекіту үшін сағат тілімен бұраңыз (20-сурет).
8 EASY DECALC процедурасын аяқтағаннан кейін үтікті бірден пайдалануды жалғастыра беруге
болады.
Үтік табанын қақтан тазалау
Құрылғының қаспағын ұдайы кетіріп тұрмасаңыз, оның табанында қаспақтың жиналып қалуына
байланысты қоңыр дақтар түзілуі мүмкін. Табанды қаспақтан тазарту үшін келесі ресімді орындаңыз.
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ресімді екі рет орындауға кеңес береміз.
1 Құралдың суығанын тексеріп, үтік табанын ылғал шүберекпен тазалаңыз.