User Guide

47
Қазақша
8 Қақ тазалау процесі кезінде қақ тазалау ыдысы ыстық болатындықтан оны ұстамас бұрын шамамен 5 минуттай
күте тұрыңыз. Одан кейін қақ тазалау ыдысын шұңғылшаға апарып, төгіңіз де, кейін тағы пайдалану үшін сақтап
қойыңыз (20-сурет).
9 Қажет болғанда 1–8 қадамдарын қайталауға болады. Қақ тазалау процесін бастамай тұрып қақ тазалау ыдысын
босатыңыз.
Ескертпе: қақ тазалау процесінің барысында үтік ішінде қақ жиналмаған болса, табаннан таза су шығуы мүмкін.
Бұл әдеттегі нәрсе.
Қақ тазалау процесін орындау әдісі туралы ақпарат үшін келесі сілтеме бойынша бейнелерді қараңыз:
http://www.philips.com/descaling-iron.
Үтіктабанынтазалау
Құралды дұрыс сақтау үшін оны әрдайым тазалап тұрыңыз.
1 Құралды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
2 Дақтарды оңай және тиімді түрде кетіру үшін, үтіктің табанын қыздырып, ылғал шүберекке ысқылаңыз
(21-сурет).
Кеңес: тегіс сырғуды қамтамасыз ету үшін үтіктің табанын кезеңді түрді тазалаңыз.
Сақтау
1 Құралды өшіріп, ток көзінен суырыңыз.
2 Бу ыдысындағы суды шұңғылшаға төгіңіз (22-сурет).
3 Бу жеткізу шлангісі мен ток сымын бүктеңіз. Оларды сақтау бөліміне салыңыз (23-сурет).
4 Тек GC6820, GC6830 және GC6840 сериясына арналған: үтікті үтіктеу түпқоймасына құлыптау үшін, тасымалдау
бекітпесін басыңыз (24-сурет). Үтік түпқоймаға бекітілгенде үтіктің тұтқасынан ұстап бір қолмен алып жүруге
болады (25-сурет).
Ақаулықтарды шешу
Бұл тарауда құралда орын алуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер төмендегі ақпараттың
көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, www.philips.com/support торабына кіріп, жиі қойылатын сұрақтар тізімін
қараңыз немесе еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық Мүмкін себептер Шешімі
Үтік бу шығармайды. Суға арналған сыйымдылықтағы су
жеткіліксіз.
Су ыдысын MIN (ЕҢ АЗ) көрсеткішінен
көбірек толтырыңыз. Бу шыққанша бу
қосқышын басып тұрыңыз. Бу шыққанша 30
секундқа дейін кетуі мүмкін.
Бу шығару түймесін баспағансыз. Бу шыққанша бу қосқышын басып тұрыңыз.
Бу функциясы қақ тазалау
процесін орындағанша өшірілді.
Бу функциясын қайта қосу үшін қақ тазалау
процесін орындаңыз. («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз)
Үтіктеу сеансы басында бу
шығарғыш жеткілікті түрді ұзақ
басылмады.
Бу шыққанша бу қосқышын басып тұрыңыз. Бу
шыққанша 30 секундқа дейін кетуі мүмкін.
CALC CLEAN (Қақ тазалау)
түймесі жыпылықтайды
және құрылғы дыбыстық
сигнал шығарады.
Бұл — қақ тазалау еске салғышы. Қақ тазалау еске салғышы ескерткенде
қақ тазалау процесін орындаңыз («Тазалау
және техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз).