operation manual
45
Қазақша
Ескерту:құралтоққақосылыптұрғанда,оныбағалаусызқалдыруғаболмайды.Қолданыпболғансоң,құрылғыны
міндеттітүрдерозеткаданажыратыңыз.
Тазалау және күту
ЗерделіCalc-cleanжүйесі
Құралда жиі қақты кетіріп, тазалауды қамтамасыз ететін зерделі қақ тазалау жүйесі бар. Бұл буды қаттырақ шығаруға
және уақыт өте келе үтік табанынан кір мен дақтардың ақпауына көмектеседі. Тазалау процесінің орындалғанына
сенімді болу үшін, бу генераторы әдетте еске салып отырады.
Дыбыспенжәнешамменқақтазалауескесалғышы
1-3 ай пайдаланудан кейін қақ тазалау шамы жыпылықтай бастайды және құрылғы қақ тазалау процесін орындау
қажет екенін көрсету үшін дыбыстық сигнал шығара бастайды (10-сурет).
Бұдан басқа құрылғыда қақ жиналмауы үшін, екінші қорғау әрекеті біріктірілген: қақты кетіру орындалмаса, бу шығару
функциясы өшіріледі (11-сурет). Қақ тазарту орындалғаннан кейін бу шығару функциясы қалпына келтіріледі. Бұл
қолданылған су түріне қарамастан орындалады.
Ескертпе: қақ тазалау процесі кез келген уақытта орындалуы мүмкін, тіпті дыбыс және шам еске салғышы
белсендірілмеген кезде.
Қақтазалауыдысыныңкөмегіменқақтазалаупроцесінорындау
Ескерту:қақтазалаупроцесікезіндеқұрылғынықараусызқалдырмаңыз.
Абайлаңыз:қақтазалауыдысыныңкөмегіменқақтазалаупроцесінүнеміорындаңыз.Үтіктіқақтазалау
ыдысынанкөтеруарқылыпроцестіүзбеңіз,өйткенітабаннаныстықсуменбушығады.
1 Су ыдысын жартылай толтырыңыз (12-сурет).
Ескертпе: қақ тазалау процесі кезінде құрылғы тоққа қосылып тұрғанын және ҚОСУ күйінде екенін тексеріңіз.
2 Қақ тазалау ыдысын үтіктеу тақтасына немесе кез келген басқа тегіс, тұрақты жерге қойыңыз (13-сурет).
3 Үтікті қақ тазалау ыдысына қозғалмайтын етіп қойыңыз (14-сурет).
4 Қысқа дыбыстық сигналдарды естігенше CALC-CLEAN (Қақ тазалау) түймесін 2 секунд басып тұрыңыз
(15-сурет).
Ескертпе: қақ тазалау ыдысы қақ тазалау процесінің барысында қақ бөлшектерін және ыстық суды жинауға
арналған. Бүкіл процесс барысында үтікті осы ыдысқа қою мүлде қауіпсіз.
5 Қақ тазалау процесі кезінде қысқа дыбыстық сигналдарды және соратын дыбысты естисіз (16-сурет).
6 Процесс аяқталғанша, шамамен 2 минуттай күтіңіз (17-сурет). Қақ тазалау процесі аяқталған кезде үтік
дыбыстық сигнал шығаруды тоқтатады және CALC-CLEAN (Қақ тазалау) шамы жыпылықтауды қояды.
7 Үтікті шүберекпен сүртіп алып, негізге қойыңыз (18-сурет).
Абайлаңыз:үтікыстық.
8 Қақ тазалау процесі кезінде қақ тазалау ыдысы ыстық болатындықтан оны ұстамас бұрын шамамен 5 минуттай
күте тұрыңыз. Одан кейін қақ тазалау ыдысын шұңғылшаға апарып, төгіңіз де, кейін тағы пайдалану үшін сақтап
қойыңыз (19-сурет).
9 Қажет болғанда 1–8 қадамдарын қайталауға болады. Қақ тазалау процесін бастамай тұрып қақ тазалау ыдысын
босатыңыз.
Ескертпе: қақ тазалау процесінің барысында үтік ішінде қақ жиналмаған болса, табаннан таза су шығуы мүмкін.
Бұл әдеттегі нәрсе.
Қақ тазалау процесін орындау әдісі туралы ақпарат үшін келесі сілтеме бойынша бейнелерді қараңыз:
http://www.philips.com/descaling-iron.