Owner's Manual


- Егер мата әртүрлі талшықтан жасалған болса, әрдайым ең нәзік
талшыққа қажет температураны, яғни ең төмен температураны
таңдаңыз. Мысалы: киім 60% полиэстерден және 40% мақтадан
тұрса, оны полиэстерге арналған температурамен (1) және бусыз
үтіктеу керек.
- Егер сіз затыңыздың қандай матадан жасалғанын білмесеңіз,
қажетті үтіктеу температурасын, киімді кигенде көрінбейтін жерін
үтіктеу арқылы анықтап алыңыз.
- Жібек, жүн және синтетикалық маталарды, жылтырап кетпес
үшін, ішінен үтіктеген дұрыс. Дақтар қалмас үшін, су шашу
қызметін қолданбаңыз.
- Ең төмен үтіктеу температурасын қажет ететін киімдерден, мысалы
синтетикалық талшықтардан жасалған киімдерден бастап үтіктеңіз.

Ескертпе: Алғаш рет қолданып жатқанда, үтік біраз түтінденуі мүмкін.
Сәл уақыттан соң бұл құбылыс жойылады.

1Ауыстырып-қосқышрежимінқуатсымыменүтіктеукүйіне
келтіріңіз.
2Үтіктіүтікқондырғысынаналыңыз.
Сіз үтіктеуді сәл уақытқа тоқтатқанда оны аяғына немесе қондырғыға
қойсаңыз болады.
 89