Owner's Manual

- Су ыдысын толтырар алдында әрқашан желі штепсельдік ұшын
қабырға розеткасынан ажыратыңыз немесе үтікті қуат блогынан
алып тастаңыз.
- Құралды қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау алған, біреудің
қадағалауымен қауіпсіз пайдаланылған жағдайда және пайда
болатын қауіп-қатерлерді ұғынған жағдайда, 8 жасқа толған және
одан үлкен балалар, сондай-ақ мүмкіндігі мен ойлау қабілеті
шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.
- Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
- Құрылғы ыстық және желіге қосулы тұрған кезінде, сондай-ақ
розеткадан ажыратылғаннан кейін суып жатқан кезде үтікті,
қондырманы және желі сымын 8 жасқа толған немесе одан кіші
балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
- Құралды 8 жасқа толған немесе одан үлкен балаларға тек
қадағалаумен тазалауға және Calc-Clean рәсімін жүргізуге рұқсат
етілген.
- Ток сымын қызып тұрған үтіктің табанына тигізбеңіз.
- Үтікті тек жинақпен бірге берілген қондырмамен қолданыңыз.

- Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
- Әрдайым қуат сымының зақымдалмағанын тексеріп отырыңыз.
- Үтіктің табаны өте ыстық болады, тигізіп алсаңыз, теріңіз күйіп
қалуы мүмкін.
- Үтіктеп болған соң, оны тазалар алдында, су ыдысын толтырар
немесе босатар алдында және үтікті аз уақытқа қараусыз
қалдырғанда: бу деңгейін реттегішті «Бусыз» күйге келтіріңіз де,
үтікті қондырмасына тұрғызып, желі штепсельдік ұшын қабырға
розеткасынан ажыратыңыз.
- Үтік пен оның қондырмасын әрқашан берік, тегіс және көлденең
бетке қойып қолданыңыз.
- Су ыдысына әтір, сірке суын, крахмал, қақ түсіретін, үтіктеуді
жеңілдететін сұйықтықты немесе басқа химиялық заттарды құюға
болмайды.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша
дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, құрал
пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

1GC4820үлгісіүшін:тасымалықапшықтанбосатутүймесін
басыңыз.
 85