operation manual
50
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді
веб-бетінде тіркеңіз.
1 Су шашатын түтік
2 Су құятын ыдыстың қақпағы
3 Буды күшейту
4 Су шашу түймесі
5 Бу деңгейін реттегіш
6 Ионды DeepSteam түймесі (тек арнайы түрлерінде ғана)
7 Ионды DeepSteam шамы (тек арнайы түрлерінде ғана)
8 Температураны реттеу дөңгелегі
9 Тек белгілі бір түрлерде: қызыл түсті автоматты түрде сөну (АВТО/СӨНУ) көрсеткіші бар
сары түсті температура шамы.
10 Тек арнайы түрлерінде ғана: автоматты түрде сөнетін (Авто/сөну) қызыл көрсеткіші бар
сары түсті температура шамы
11 Қуат сымы
12 Ақпараттық тақтай
13 Үтіктің табаны
14 Қақ тазалау түймесі
Көрсетілмеген: Ыстыққа төзімді қорғаныш жабыны (тек арнайы түрлерінде ғана)
Көрсетілмеген: Нәзік мата қорғанысы (тек арнайы түрлерінде ғана)
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
- Үтікті ешқашан суға батыруға болмайды.
- Құралды қоспас бұрын, техникалық сипаттар тақтайында көрсетілген
кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Ашасы, сымы немесе құралдың өзі зақымдалған болса, сондай-ақ,
құралды түсіріп алсаңыз немесе құралдан су ағып тұрса,
оны қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны
тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында
немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
- Құрал розеткаға қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырмаңыз.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.