User manual
Маңызды
Құрылғыны пайдалану алдында бөлек маңызды ақпарат парақшасын
және осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.
Құжаттардың екеуін де болашақта анықтама алу үшін сақтап қойыңыз.
Жалпы сипаттама (1-сур. )
1 Бүрку қондырмасы
2 Толтыру саңылауының қақпағы
3 Буды басқару тетігі
- CALC CLEAN = Calc-Clean (Қақтан тазалау) функциясы
- = бусыз үтіктеу
- = оңтайлы бу
- = көп бу
- = турбо бу
4 Буды күшейту түймесі
5 Бүрку түймесі
6 Температураны реттеу дискі
7 Түр тақтайшасы
8 Су деңгейінің MAX («ЕҢ ЖОҒ.») көрсеткіші бар су ыдысы
9 Табан
10 Жарық сақинасы
11 Негіз
12 Үтікті сақтау құлпы
13 Желілік сым
Құрылғыны қолдану
Су ыдысын толтыру
Ескертпе: құрылғы шүмек суын пайдалануға арналған. Суы қатты
аймақта тұрсаңыз, қақ жылдам түзілуі мүмкін. Сондықтан,
құрылғының қызмет мерзімін ұзарту үшін дистильденген немесе
минералсыздандырылған суды пайдалану ұсынылады.
Ескертпе: әтір, киім құрғатқыштан алынған су, сірке суын магнитпен
өңделген су мысалы, Aqua+), крахмал, қақ түсіргіштер, үтіктеуді
жеңілдететін сұйықтықтар, химиялық жолмен қақтан тазартылған
су немесе басқа химикаттар қоспаңыз, себебі бұдан су ыдырауы,
қоңыр дақтар қалуы немесе құрылғы бұзылуы мүмкін.
14 ҚАЗАҚША










