User manual

3 Батарея ұстағыш орнына екі AAA 1.5-вольтті сілті батареяларын
салыңыз.
Ескертпе: Батарелардың+ және – жақтары керекті бағытта
екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
4 Батарея орнының қақпағын қайтадан орнына қойыңыз (1) содан
соң бұрауыштарын бұрап қатайтыңыз (2).

Егер сізге қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса, не
болмаса мәселеңіз болса, Philips компаниясының www.philips.com
веб-торабын қараңыз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік
кітапшасынан табуға болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау
орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.

Бұл тарауда құралда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар
жинақталған. Егер төменде берілген ақпараттың көмегімен ақаулықты
жоя алмасаңыз, еліңіздегі тұтынушы орталығына хабарласыңыз.
1 Сору қуаты әлсіз.
A Сору қуаты төмен бағдарламаға орнатылған болар.setting.
- Сору қуатын жоғарырақ бағдарламаға қойыңыз.
B Саптама, түтік немесе шланг бітіп қалмағандығын тексеріңіз.
- Тұрып қалған заттарды алып тастау үшін, бітіп қалған бөлікті
ажыратып, керісінше қосыңыз (мүмкіндік болса). Шаң сорғышты
қосып, тұрып қалған затты кері бағытта сору арқылы шығарып
аласыз.
C Шаң дорбасы толып кеткен болар.
- Қайта қолданылатын шаң дорбасын босатыңыз (тек ерекше
түрлерде) немесе шаң дорбасын ауыстырыңыз.
D Фильтірлері кірлеп кеткен болар.
- Фильтірлерді тазалаңыз немесе алмастырыңыз.
2 Инфрақызыл жүйелі басқару пульті (Тек ерекше түрлері ғана)
жұмыс жасамайды.
A Мүмкін батареялар дұрыс байланыс бермей тұр немесе мүлдем
салынбаған болар.
124
4222.003.3433.1.indd 124 11-11-09 15:46