User manual
- Басқару тетігінде үш түйме бар, солардың көмегімен шаңсорғышты
басқаруға болады. «+» және «-» түймелері арқылы шаңды сору
қуаты реттеледі, ал күту режимінің түймесін басу арқылы құрылғы
күту режиміне ауыстырылады.
Ескертпе: Құрылғы қосу/өшіру түймешігі арқылы қосылғаннан кейін ғана
басқару тетігіндегі функциялар жұмыс істейді.
Ескертпе: Түймелерді басқанда «инфрақызыл белсенділік жарығы»
жанбаса, батареяларды ауыстырыңыз. Батареяларды ауыстыру үшін
«Алмастыру» тарауын қараңыз.
1 Тоқ сымын құралдан тартып шығарып, шанышқысын қабырғадағы
розеткаға кіргізіңіз.
2 Құрылғыны қосу үшін оның бетіндегі қосу/өшіру түймесін
басыңыз.
Кеңес: Еңкеймес үшін қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басыңыз.
3 Құрылғыны ажырату үшін оның бетіндегі қосу/өшіру түймесін
басыңыз.
1 Шаң сору барысында құрылғының төбесіндегі
дөңгелектің көмегімен сору қуатын реттеуіңізге болады.
- Өте кір кілемдер мен қатты едендерді шаң сорғышпен тазалау
үшін ең жоғарғы сору қуатын қолданыңыз.
- Кілемдерді сорғызғанда сорғызудың орташа параметрін таңдау
қажет.
- Перелер, дастархан және т.б үшін ең төменгі сору қуат деңгейін
таңдаңыз.
1 Шаң сору барысында сору қуатының деңгейін басқару
пультіндегі «–» және «+» түймелері арқылы реттей аласыз.
- Өте кір кілемдер мен қатты едендерді тазалау үшін, максималды
сору қуатын таңдаңыз.
116
4222.003.3433.1.indd 116 11-11-09 15:46










