User manual


Құрылғыны қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият
оқып шығыңыз да, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.

- Суды немесе басқа сұйықтықты соруға болмайды. Жануы жеңіл
заттарды соруға болмайды, ал күлді сору үшін, оның суығанын
күтіңіз.

- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті
ток көзінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Егер құрылғының ашасы, сымы немесе құрылғының өзге бөлшегіне
зақым тиген болса, құрылғымен қолданбаңыз.
- Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін
оны тек Philips компаниясы ұсынған қызмет орталығында сол
компанияның жабдықтарымен және соған сәйкес білімі бар маман
алмастыру керек.
- Мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі
аз адамдар (балаларды қоса) бұл құралды олардың қауіпсіздігіне
жауап беретін адамның қадағалауымен немесе құралдың қалай
пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана қолдануына
болады.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
- Шаң сорғыш қосулы болғанда, шлангіні, түтікті немесе басқа
қосымша бөлшектерді көзіңізге, құлақтарыңызға, бағыттамаңыз
және оларды аузыңызға салмаңыз.

- Сіз шаң сорғышты күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және
осы тәріздес заттарды сору үшін қолданған кезде, шаңмен шаң
дорба тесікшелері бітіп қалады. Осының нәтижесінде, шаң дорбасы
толып кетті деген көрсеткіш шаң дорбасы толды деп ескертеді.
Бір рет ғана қолданылатын шаң дорбасын алмастырыңыз, ал қайта
қолданылатын шаң дорбасын босатыңыз, тіпті ол әлі де болса
толы емес болса да («Шаң дорбасын алмастыру/босату» тармағын
қараңыз).
- Моторды қорғайтын сүзгіні орнатпастан бұл құралды қолдануға
болмайды. Моторға зақым келуі, сондай-ақ құралдың қызмет ету
уақыты қысқаруы мүмкін.
- Тек қосымша берілген Philips s-дорбаларын ` синтетикалық шаң
дорбаларын немесе қайта қолданылатын шаң дорбаларын ғана
қолданыңыз (кей елдерде ғана).
- Шу деңгейі: Lc = 72 dB [A]
- Шаң сору кезінде, әсіресе ауа ылғалдығы төмен бөлмеде,
шаңсорғыш статикалық токты құрады. Осының нәтижесінде түтікті
немесе шаңсорғыштың басқа темір жерінен ұстасаңыз ток соғуы
мүмкін. Бұндай токтың соғуы сізге зиян емес және құралға нұқсан
келтірмейді. Бұл қолайсыздықты жою үшін ұсынарымыз:
 109
4222.003.3433.1.indd 109 11-11-09 15:46