User manual

4 Батарея орнының қақпағын қайтадан орнына қойыңыз (1) содан
соң бұрауыштарын бұрап қатайтыңыз (2).

Егер сізге көмек, ақпарат алу керек болса немесе сізде шешілмеген
мәселе болса, Philips компаниясының интернет бетіндегі
www.philips.com веб-сайтына кіріңіз, не болмаса өз еліңіздегі Philips
тұтынушылар орталығына телефон шалсаңыз болады (ол нөмірді сіз
дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің
елде тұтынушылар орталығы жоқ болған жағдайда жергілікті Philips
дилеріне хабарласыңыз.

Бұл тарауда құрылғыда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін
ақаулықтар жинақталған. Егер төменде берілген ақпараттың көмегімен
ақаулықты шеше алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушы орталығына
хабарласыңыз.
Ақаулық Ықтимал себептер Шешімі
Сору қуаты әлсіз. Сіз тым төмен сору қуаты
бағдарламасын таңдаған
боларсыз.
Жоғарырақ сору қуат бағдарламасын таңдаңыз.
Моторды қорғайтын фильтр
лас.
Моторды қорғайтын фильтрді тазалау
HEPA 13 фильтрі лас. HEPA 13 фильтрін тазалаңыз немесе оны
алмастырыңыз.
Шланг, саптама, немесе
құбыр бітіп қалған болар.
Тұрып қалған заттарды алып тастау үшін
бітеліп қалған бөлікті ажыратып, оны екінші
жағымен керісінше (мүмкіндігінше тақап)
қосыңыз. Шаңсорғышты қосып, тұрып қалған
затты кері бағытта үрлеу арқылы шығарып
аласыз.
Инфрақызыл
жүйелі басқару
пульті (Тек
ерекше түрлері
ғана) жұмыс
жасамайды.
Сіз батареяларды дұрыстап
салмаған боларсыз немесе
батареялар таусылған болар.
Батареяларды дұрыстап салыңыз, немесе
оларды алмастырыңыз («Алмастыру» тармағын
қараңыз).
118