Owner manual
Бұл тарауда құралды қолданғанда жиі кездесетін қиындықтар сипатталған. Мәселе төменде
берілген ақпарат көмегімен шешілмесе, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
1Соруқуатыжеткіліксіз.
A Шаң дорбасы толып кеткен болуы мүмкін.
- Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын босатыңыз (тек белгілі бір түрлерде) немесе қағаз
шаң дорбасын алмастырыңыз.
B Сүзгілер кірлеп кеткен болуы мүмкін.
- Сүзгілерді тазалаңыз немесе алмастырыңыз.
C Сору қуаты төмен бағдарламаға орнатылған болуы мүмкін.
- Сору қуатын жоғарырақ бағдарламаға қойыңыз.
D Саптама, құбыр немесе шланг бітеліп қалмағандығын тексеріңіз.
- Бітеліп қалған бөлікті ажыратып, керісінше жалғаңыз (мүмкіндік болса). Шаңсорғышты қосып,
тұрып қалған затты кері бағытта сорғызу арқылы шығарып алыңыз (Cурет 45).
2Инфрақызылқашықтанбасқарупульті(текбелгілібіртүрлерде)жұмысістемейді.
A Мүмкін батареялар дұрыс байланыс бермей тұр немесе мүлдем салынбаған болар.
- Батарея орнының қақпағын алыңыз да, батареяларды қайтадан орнына итеріңіз. – және +
жақтары дұрыс бағытта екендігін тексеріңіз (Cурет 23).
B Батарея заряды таусылған болуы мүмкін.
- Батареяларды ауыстырыңыз.
3Шаңсорғыштыпайдаланғандакейдеэлектрсоққыларыналамын.
A Шаңсорғышта статикалық электр жиналған. Бөлмелердегі ауа ылғалдылығы неғұрлым төмен
болса, құрылғыда соғұрлым көп статикалық электр жиналады.
- Бұл ыңғайсыздықты азайту үшін, шлангты бөлмедегі металл заттардың (мысалы, үстелдің
немесе орындықтың аяқтары, радиатор, т.б.) жанына жиі ұстау арқылы зарядсыздандыру
ұсынылады.
- Бұл ыңғайсыздықты азайту үшін бөлмедегі ауа ылғалдылығын арттыру мақсатында бөлмеге
су қойыңыз. Мысалы, радиатордан алынған суды ыдыстарға құйып, радиаторға ілуіңізге
немесе тостағандарға су құйып, радиатордың үстіне немесе жанына қоюыңызға болады.
58










