operation manual
Тазалау уақыттарын бағдарламалау
Егер қондырма станция дисплейінде апта күні мен уақытты орнату керек
болса, роботтың тазалау уақытын бағдарламалай аласыз.
Ескертпе: Төмендегі қадамдарға жататын суреттер үшін осы нұсқаулықтың
артындағы беттерді қараңыз.
Қолжетімді бағдарламалау опциялары:
Бағдарлама Дисплейдегі көрсеткіштер
Күн сайын тазалау Күні бойы индикаторлары қосулы
Жұмыс күндерінде тазалау Дүйсенбі-жұма индикаторлары қосулы
Қатарынан 2 күн тазалау 2 күн индикаторлары қосулы, мысалы, Fri және Sa
Аптасына 1 күн тазалау Таңдалған күннің индикаторы қосулы
1 Орнату түймесін басыңыз. Орнатылған режим индикаторы және тазалау
бағдарламасының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2 Таңдау түймесін бір рет басыңыз. Сағат көрсеткіші жыпылықтай
бастайды.
3 Сағат орнату үшін қондырма станциядағы + және – түймелерін
пайдаланыңыз. Дисплейде орнатылған сағат пайда болады.
4 Орнатылған сағатты растау үшін таңдау түймесін басыңыз. Енді минут
көрсеткіші жыпылықтай бастайды.
5 Минут орнату үшін қондырма станциядағы + және – түймелерін
пайдаланыңыз. Дисплейде орнатылған минут пайда болады.
6 Орнатылған минутты растау үшін таңдау түймесін басыңыз. Жексенбі
үшін «Su» көрсеткіші жыпылықтай бастайды.
7 Тазалау бағдарламалары арасында ауысу үшін қондырма станциядағы +
және - түймелерін басыңыз (қолжетімді бағдарламалау опцияларын
жоғарыдағы кестеден қараңыз).
8 Таңдалған бағдарламаны растау үшін таңдау түймесін басыңыз.
9 Бағдарламалауды растау үшін орнату түймесін басыңыз. Орнатылған
режим индикаторы және тазалау бағдарламасы индикаторының
жыпылықтауы тоқтап, тұрақты жанады.
10 Тазалау бағдарламасын орнатқанда, дисплей тазалау бағдарламасының
индикаторын және таңдалған күнді немесе күндерді көрсетеді. Роботты
күту режимінде қалдырсаңыз және оның қайта зарядталатын батареясы
толығымен зарядталған болса, ол бағдарламаланған күні немесе күндері
бағдарламаланған уақытта тазалауды бастайды.
95
Қазақша