operation manual
-
Сондай-ақ, қашықтан басқару құралындағы іске қосу/тоқтату түймесін
немесе меңзерді (тек FC8820) басуға болады
3 Іске қосу/тоқтату түймесі үздіксіз қосылып, робот тазалауды бастайды.
4 Батарея заряды төмендегенше робот авто тазалау режимінде тазалайды.
Авто тазалау режимінде ол Z үлгісі, аралас, қабырға бойымен және
спиральді үлгілерінің қайталанатын реттіліктерін орындайды.
Ескертпе: Жеке режимді таңдау үшін қашықтан басқару құралындағы
режим түймелерінің біреуін басыңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін
«Тазалау режимін таңдау» бөлімін қараңыз.
5 Батарея қуаты азайғанда іске қосу/тоқтату түймесі қызғылт сары түспен
жыпылықтайды және робот зарядтау үшін қондырма станцияны іздейді.
6 Сонымен қатар, тазалау сеансын уақытша немесе толық тоқтату үшін іске
қосу/тоқтату түймесін басуға болады. Егер іске қосу/тоқтату түймесін
қайтадан бассаңыз және қайта зарядталатын батареяда әлі жеткілікті
қуат бар болса, робот тазалауды авто тазалау режимінде жалғастырады.
7 Роботты қондырма станцияға қайта зарядталатын батарея заряды
азаймай тұрып қайтару үшін қашықтан басқару құралындағы немесе
көрсеткіштегі (тек FC8820) қондырма станцияға орнату түймесін
басыңыз. Робот дисплейіндегі қондырма станция қосылады және робот
қондырма станцияға оралады.
Ескертпе: Егер роботты қондырма станциядан іске қоспаған болсаңыз, ол
қайта зарядталатын батарея заряды азайғанда қондырма станциясын
автоматты түрде іздемейді. Егер қайта зарядталатын батареяда әлі
жеткілікті қуат бар болса, роботты қондырма станцияға қайтару үшін
қашықтан басқару құралында немесе көрсеткіште (тек FC8820) қондырма
станцияға қою түймесін басуға болады. Егер қайта зарядталатын
батареяның қуаты толығымен таусылса, роботты қондырма станцияға
қолмен қою керек.
Тазалау режимін таңдау
Авто тазалау режиміне қоса бұл роботта әрқайсысын қашықтан басқару
құралында тиісті түймені басу арқылы белсендіруге болатын төрт жеке
тазалау режимі бар.
Ескертпе: Қолмен таңдалатын режимдер бірнеше минут қана белсенді
болады. Одан кейін робот авто тазалау режиміне кері ауысады.
92
Қазақша