operation manual

4 Серіппелі үлгі
Авто тазалау режимінде робот бекітілген ретпен осы үлгілерді
пайдаланады:z үлгісі, аралас үлгі, қабырға бойымен жүретін үлгісі және
спиральді үлгісі.
Робот осы үлгілер реттілігін аяқтағанда, қайтадан Z үлгісімен қозғала
бастайды. Робот қайта зарядталатын батарея таусылғанша немесе қолмен
өшіргенше, бөлмені тазалау үшін осы үлгілер реттілігін пайдалануды
жалғастырады.
Робот тазалау бағдарламасы кезінде ерекше лас аумақты анықтаса, кірді
мұқият кетіруді қамтамасыз ету үшін спиральді режимге және турбо
желдеткіш жылдамдығына (тек FC8820) ауысады.
Ескертпе: Сондай-ақ, қашықтан басқару құралында немесе көрсеткіште (тек
FC8820) тиісті түймені басу арқылы әр режимді жеке-жеке таңдауға болады.
Қолмен таңдалатын режимдер бірнеше минут қана белсенді болады. Одан
кейін робот авто тазалау режиміне кері ауысады.
Қосымша мәліметтер алу үшін «Роботты пайдалану» тарауындағы «Тазалау
режимдері» бөлімін қараңыз.
Робот биіктіктегі айырмашылықтардан қалай аулақ жүреді
Роботтың түбінде үш құлау датчигі бар. Ол осы құлау датчиктерін
баспалдақтар сияқты биіктіктегі айырмашылықтарды анықтау және аулақ
жүру үшін пайдаланады.
Ескертпе: Роботтың биіктік айырмашылығы жиегінен аздап шығып қозғалуы
қалыпты, өйткені алдыңғы құлау датчигі буфердің артында орналасқан.
Абайлаңыз: Кейбір жағдайларда құлау датчиктері баспалдақтарды немесе
басқа биіктік айырмашылығын уақытылы анықтамауы мүмкін. Сондықтан
бірінші рет пайдаланғанда және баспалдақтардың немесе басқа биіктік
айырмашылығының жанында пайдаланғанда, роботты мұқият бақылаңыз.
Робот биіктік айырмашылықтарын дұрыс анықтауын жалғастыруы үшін,
құлау датчиктерін жүйелі түрде тазалап тұру маңызды (нұсқауларды
«Тазалау және күту» тарауынан қарауға болады).
Бірінші рет пайдалану алдында
Бүйірлік щеткаларды бекіту
1 Бүйірлік щеткаларды орамынан шығарыңыз және роботты үстелде
немесе еденде аударыңыз.
87
Қазақша